26 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант береді
EL.KZ Информационно-познавательный портал
22.11.2022 11:52
Фото:
Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев 26 қарашада Қазақстан халқына ант береді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Сайланған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ант беру күні 2022 жылғы 26 қараша болып айқындалды», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Айта кетейік, ҚР Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент ретінде тіркеді.

