26 градус жылы: еліміздің мегаполистерінде ауа райы қандай болады
«Қазгидромет» мамандары Астана, Алматы және Шымкент қалаларына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Астана
28 қазан: Аспан бұлтты, бірақ жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Температура түнде -5…-7°C, күндіз +9…+11°C шамасында.
29 қазан: Күн ашық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік пен оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде -1…-3°C, күндіз +12…+14°C.
30 қазан: Бұлт аралас, бірақ құрғақ ауа райы күтіледі. Жел оңтүстіктен 7-12 м/с. Түнде 0…+2°C, күндіз +13…+15°C.
Алматы
28 қазан: Күн бұлтты, түстен кейін жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады (3-8 м/с). Түнде +7…+9°C, күндіз +16…+18°C.
29 қазан: Аспан бұлтты, жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғып, кей кездері екпіні 13 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Түнде +8…+10°C, күндіз +15…+17°C.
30 қазан: Бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Жел бағыты – солтүстік-шығыс, екпіні кейде 13 м/с. Түнде +6…+8°C, күндіз +15…+17°C.
Шымкент
28 қазан: Аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с. Түнгі температура +8…+10°C, күндіз +21…+23°C.
29 қазан: Бұлт аралас, бірақ жауын-шашынсыз күн күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел 8-13 м/с. Түнде +9…+11°C, күндіз +22…+24°C.
30 қазан: Бұлтты, бірақ құрғақ ауа райы сақталады. Жел оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с. Түнгі температура +8…+10°C, күндіз +24…+26°C.

