Жаңалықтар

2560 инвестициялық жоба іске асырылады – министр

2025 жылға дейін жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылады.
2560 инвестициялық жоба іске асырылады – министр
Фото: inbusiness.kz 24.08.2022 18:39 1843

Елорданы азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін 625 млрд теңге қаржы бөлінеді. Бұл туралы ауылшаруашылық министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды El.kz.

«Біз бірнеше уақыт бұрын қаладағы барлық ауылшаруашылық өнімдерді өндіретін кәсіпорындарды аралап шықтық. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласында 56 азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін обьект бар. Жылына елорда тұрғындары 900 мың тонна азық-түлік өнімдерін тұтынады. Нұр-Сұлтан қаласы ұн, нан, макарон және шұжық өнімдерімен өзін жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етіп отыр. Азықтың көп бөлігі елорда аумағында орналасқан елді-мекендерден әкелінеді», - деді министр.

Сонымен қатар, халықты азық-түлікпен толық қамтамасыз ету үшін 2560 инвестициалық жоба жүзеге асырылады. Маңызды жобаларға 625 млрд теңге жұмсалатынын атап өтті.

«Мал шаруашылығына қатысты 256 жобаға 494 млрд теңге бөлінеді. Өсімідік шаруашылығына қатысты 99 жобаға 130 млрд теңге жұмсалады. Осы жобалар елорданы қажетті, сапалы және қолайлы бағадағы азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Қазақстанның барлық өңірін алып қарайтын болсақ, азық-түліктің 6 түрінен өзімізді қамтамасыз ете алмаймыз. Олар құс еті, ірімшік, шұжық өнімдері, балық, алма және қант қоры. Сондықтан жоспар бойынша 2025 жылдың соңына дейін халықтың 80 %-ын азық-түлікпен қамтамасыз ету жоспарланып отыр», - деді ауылшаруашылық министрі Ербол Қарашөкеев.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға