Жаңалықтар

250 миллиард теңге бөлінген: Назарбаев зияткерлік мектептері тексеріліп жатыр

250 миллиард теңге бөлінген: Назарбаев зияткерлік мектептері тексеріліп жатыр
Фото: Жоғары аудиторлық палата 12.08.2024 13:41 768

Жоғары аудиторлық палата 2019-2023 жылдардағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында бюджет қаражатының қаншалықты тиімді жұмсалғанын анықтау үшін мемлекеттік аудит жүргізген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

4 жылда Назарбаев зияткерлік мектептері жұмысына бюджеттен 250 миллиард теңге бөлінген. 

Аудиторлық қорытындыда НЗМ қаржыландыру механизмі қаражатты пайдаланудың ашықтығын, есептілігін және нысаналы сипатын қамтамасыз етпейтіні анықталған. НЗМ-де іс жүзінде жүргізілмеген іс-шаралардың жоспарланғаны анықталды. 2019-2023 жылдары орындалмаған іс-шаралар көлемі шамамен 8 миллиард теңге болады.

Сонымен қатар, үш  жыл ішінде НЗМ 16,4 млрд теңгені игермеген, ал банк шоттарында жыл сайын 27 млрд доллардан 55 млрд теңгеге дейін қаржы қалдықтары жинақталған.

Жалпы мемлекеттік аудит барысында - 274,4 млн теңгеге қаржылық бұзушылық, 8,3 млрд теңгені тиімсіз жоспарлау, 6 млрд теңгеге жуық қаржыны тиімсіз пайдалану, 134 рәсімдік бұзушылық пен 30 жүйелік кемшілік анықталды.

Тексеріс қорытындысы бойынша 1 материал құқық қорғау органдарына, әкімшілік құқықбұзушылық белгілері бар тағы 10 дерек әкімшілік іс жүргізу үшін уәкілетті органдарға жіберілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға