25 жастағы жігіт лотереядан ұтқан 1 млн еуроға ойыншық сатып алған
Херефорд қаласының тұрғыны Нил Лейтон лотереядан 1 миллион еуро (шамамен 609 100 000 теңге) ұтып алғаннан кейін, оның елеулі бөлігін балаларға арналған «Томас бу көлігі» ойыншығын сатып алған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Лейтонның айтуынша, оның жинаған реквизиттер топтамасының құны қазірдің өзінде шынайы бу пойызының бағасымен шамалас.
Бастапқыда ол толық өлшемді бу локомотивін сатып алуды жоспарлаған. Бірақ кейін ойы өзгеріп, классикалық телешоудың түсірілімдерінде қолданылған реквизитті сатып алуға барлық қаражатын жұмсаған.
Коллекцияға вагондардың модельдері, түсірілім алаңдарындағы ғимараттардың макеттері, түрлі декорациялар мен ұсақ-түйек миниатюралар кіретін көрінеді. Оның ішінде тіпті кішкентай жарма қапшықтары, бәліштер және биіктігі бір сантиметрге жуық эксклюзивті Lego ойыншықтары кіреді екен.
Жинақтағы кейбір заттар қайта бояуды қажет еткен, ал Лейтонға бұл жұмысты аяқтауға достары көмектескен.

