Жаңалықтар

24 қарашада елімізде ауа райы қандай болады

24 қарашада елімізде ауа райы қандай болады
Фото: El.kz 24.11.2024 04:29 451

«Қазгидромет» синоптиктері 24 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Республикамыздың басым бөлігінде түнде және таңертең тұман түседі, еліміздің оңтүстік бөлігінде жел екпін алып, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады. Түркістан облысының тау асуларында, солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да асады деп күтіледі.

Астанада аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -10...-12°С, күндіз: -1...-3°С.

Алматыда аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Желдің екпіні - 0-5 м/с, күндізгі екпіні - 8 м/с. Ауа температурасы түнде: -2...-4°С, күндіз: +5...+7°С.

Шымкентте аспан бұлтт, күн райы жауын-шашынсыз. Желдің екпіні - 8-13 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: -1...+ 1°С, күндіз: +11...+13°С.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға