Жаңалықтар

24-30 наурыз күндері өтетін спорттық іс-шаралар кестесі

24-30 наурыз күндері өтетін спорттық іс-шаралар кестесі
Фото: t.me/sport_comiteti 25.03.2025 05:18 303

Туризм және спорт министрлігі осы аптадағы спорттық іс-шаралар кестесін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

24-31 наурыз: Шахматтан жастар арасындағы ел біріншілігі
Ішкі чемпионатқа 11 өңірден 85-тен астам спортшы қатысады.
Өтетін орны: Павлодар қаласы.

24-31 наурыз: Фристайл акробатикадан әлем чемпионаты
Ел намысын 5 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Энгадин қ., Швейцария.

25-30 наурыз: Күрес түрлерінен Азия чемпионаты
Жарысқа Қазақстан құрамасының палуандары да қатысады.
Өтетін орны: Амман қ., Иордания.

25-29 наурыз: Үстел теннисінен WTT Feeder Otocec турнирі
Ел құрамасынан 4 спортшы сынға түседі.
Өтетін орны: Оточец қ., Словения.

25-30 наурыз: Мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионаты
Әлемдік додаға екі спортшымыз қатысады.
Өтетін орны: Бостон қ., АҚШ.

26-30 наурыз: Шаңғыдан Әлем кубогі кезеңі
Жарысқа отандық 4 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Планица қ., Словения.

28-30 наурыз: Семсерлесуден Әлем кубогі кезеңі
Ұлттық құраманың 4 спортшысы жүлдеге таласады.
Өтетін орны: Будапешт қ., Мажарстан.

28-30 наурыз: GTF таэквондодан жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты
Сайысқа 16 өңірден 120 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Ақтау қаласы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға