©Pixabay.com

22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» 2025 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан аумағына дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Синоптиктер қолайсыз ауа райы Астанада, Шымкентте және барлық облыстарда күтілетінін ескертті.

Астана
Күндіз найзағай, дауыл. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-18 м/с.

Шымкент
Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15–20 м/с. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысы
Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында екпіні 17-22 м/с. Солтүстік пен орталықта төтенше өрт қаупі сақталады.
Қонаев: таңертең және күндіз желдің екпіні 17-22 м/с.

Маңғыстау облысы
Батыста және оңтүстік-шығыста найзағай. Оңтүстікте өрт қаупі жоғары, ал солтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыста төтенше.

Жетісу облысы
Күндіз орталықта және таулы аудандарда найзағай. Түнде және таңертең тауда тұман. Жел оңтүстік-батыстан, шығыста және тауда 15–20 м/с, күндіз кей жерлерде 23–28 м/с. Батыс пен шығыста төтенше өрт қаупі бар.

Ақмола облысы
Күндіз батыста, солтүстікте және оңтүстікте найзағай, шквал. Түнде және таңертең батыста, оңтүстікте тұман. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз 15–20 м/с.
Көкшетау: күндіз желдің екпіні 15 м/с.

Атырау облысы
Солтүстікте, оңтүстікте және шығыста төтенше өрт қаупі сақталады, шығыста – жоғары.
Атырау: төтенше өрт қаупі бар.

Ақтөбе облысы
22–24 қыркүйек аралығында батыста, солтүстікте, солтүстік-шығыста және орталықта төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысы
Таңертең және күндіз оңтүстікте және тауда найзағай. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, тауда және кей өңірлерде 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с. Батыс, солтүстік және орталықта төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз: күндіз желдің екпіні 15-23 м/с.

Қарағанды облысы
Таңертең және күндіз батыста, солтүстікте және шығыста найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз 15–20 м/с. Оңтүстікте төтенше өрт қаупі бар.
Қарағанды: күндіз найзағай.

Солтүстік Қазақстан облысы
Солтүстікте, шығыста және оңтүстікте найзағай, оңтүстікте бұршақ пен шквал болуы мүмкін. Жел күндіз 15-20 м/с.
Петропавл: күндіз найзағай.

Ұлытау облысы
Солтүстікте, шығыста және орталықта найзағай. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз 15-20 м/с. Оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады.
Жезқазған: кей уақыттарда найзағай.

Абай облысы
Түнде және таңертең солтүстікте тұман. Күндіз жел 15-20 м/с. Түнде батыста 0...-1°С дейін үсік.

Шығыс Қазақстан облысы
Түнде және таңертең солтүстікте тұман. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с. Түнде шығыста үсік -1°С.

Павлодар облысы
Күндіз солтүстікте найзағай. Жел 15-20 м/с.

Қостанай облысы
Таңертең және күндіз солтүстікте және шығыста найзағай. Түнде және таңертең батыста тұман. Жел 15-20 м/с. Оңтүстікте өрт қаупі жоғары.
Қостанай: күндіз найзағай.

Қызылорда облысы
Күндіз орталықта, солтүстікте және шығыста шаңды дауыл. Жел 15-20 м/с. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысы
Батыста, оңтүстікте және шығыста төтенше өрт қаупі бар, солтүстікте – жоғары.
Орал: жоғары өрт қаупі.

Түркістан облысы
Солтүстікте шаңды дауыл. Жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан: желдің екпіні 15-20 м/с, төтенше өрт қаупі бар.