22 қарашаға арналған ауа райы болжамы
EL.KZ Информационно-познавательный портал
Қазгидромет 22 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, орталығында қар түрінде. Республика бойынша тұман, көктайғақ, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында желдің күшеюі, солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі.
Түркістан, Жетісу облыстарының таулы аудандарында, Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

