Жаңалықтар

22 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

22 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Фото: © El.kz 22.01.2024 07:38 906

"Қазгидромет" синоптиктері ауа райы қандай болатынын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Республиканың басым бөлігі бұрынғыдай антициклонның ықпалында болады да, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республиканың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Жауын-шашын болады, негізінен қар жауады, көктайғақ және қарлы боран болады, - делінген хабарламада.

Қазгидромет мәліметі бойынша, Қазақстанда тұман түсіп, жел күшейеді. Сонымен қатар бірқатар аймақта дабылды ескерту жарияланды.

22 қаңтарда Ұлытау облысының солтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігі мен батысында таңертең және күндіз бұрқасын болып, тұман күтіледі. Облыстың солтүстігі мен батысында оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында Өскемен, Риддер қалаларында, Абай облысында Семей қаласында күтілетін қолайсыз ауа райына байланысты екінші дәрежелі қолайсыз метереологиялық жағдай туралы ескерту күшінде қалады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аймақтарында кей жерлерде тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыс орталығында жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Алматы қаласында кей жерлерде тұман күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, таулы аймақтарда жел екпіні 15-20 м/с болады.

Шымкент қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Атырау облысының басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Атырау қаласында қарлы боран болуы мүмкін. Солтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-18 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде тұман күтіледі. Орал қаласында да 22 қаңтарда түнде және таңертең тұман түседі.

22 қаңтарда түнде Маңғыстау облысының батысында, күндіз батыста, оңтүстікте, облыс орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыста, облыс орталығында қарлы бұрқасын күтіледі. Батыста солтүстіктен жел соғады, облыс орталығында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысында орталықта шығыстан жел соғады, облыстың шығысында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға