Жаңалықтар

22 мыңнан астам жеткіншекке папиллома вирусына қарсы екпе салынды

22 мыңнан астам жеткіншекке папиллома вирусына қарсы екпе салынды
Фото: ©El.kz 10.10.2024 08:27 464

Қыркүйек айының ортасынан бастап елімізде жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы болып саналатын адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы қыздарды жалпыұлттық вакцинациялау басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 17 қыркүйектегі қаулысына сәйкес жоспарлы түрде 11 жастағы қыздар вакцинамен қамтылады.

Сондай-ақ 12 жастан 13 жасқа дейінгі қыздарға арналған иммундау жүргізіледі. Бұл маңызды іс-шара елде қауіпті инфекцияның таралуын төмендетуге және онкологиялық аурулардың пайда болу қаупін азайтуға бағытталған.

Қазіргі уақытта иммундау аясында тиісті жастағы оқушы қыздар вакцинациялануда. Вакцинациялау мектептер мен емханалардың медициналық кабинеттерінде, ата-аналардың немесе заңды өкілдердің ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Жатыр мойны обыры Қазақстандағы барлық жастағы әйелдердің арасында ең көп таралған екінші қатерлі ісік және 25 пен 44 жас аралығындағы әйелдер өлімінің екінші себебі болып отыр. Жыл сайын елде бұл аурудың 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі, - деп атап өтті ведомстводан.

Ғылыми зерттеулер жатыр мойны обырының негізгі себебі АПВ инфекциясы екенін дәлелдеді. АПВ вакцинасы өзінің тиімділігі мен қауіпсіздігін халықаралық деңгейде дәлелдеді.

Қазіргі кезде АПВ вакцинасы әлемнің 135 елінде қолданылады. Бірқатар елдерде вакцинациялаудың арқасында әйелдердің арасында АПВ-ның таралуы 90%-ға төмендеді. Бүгінгі күні республика бойынша АПВ-ға қарсы вакцинациялаудың күнделікті мониторингінің нәтижелері бойынша 22,2 мың бала, оның ішінде 11 жаста – 14 мың бала, 12-13 жаста - 8,2 мың бала егілді, - делінген министрліктің ақпаратында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға