Жаңалықтар

22 мамырда елімізде күн күрт суытады

22 мамырда елімізде күн күрт суытады
Фото: pixabay.com 21.05.2023 23:15 957

22 мамыр, дүйсенбіде бірқатар өңірде күннің күрт суытуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» синоптиктері жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай ойнайды деп болжам жасады.

Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде жел екпіні - 15-20, Алакөл маңында - 25 м/с.

Қарағанды облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында жел екпіні 18 м/с жетеді. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында желдің күші - 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында - найзағай, бұршақ. Солтүстік-шығыс желінің қарқыны найзағай кезінде 17-22 м/с жетеді, кей уақытта - 25 м/с.

Алматы қаласында күн күркірейді. Найзағай кезінде солтүстік-шығыс желінің жылдамдығы - 17 м/с.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында желдің күші 15-20 м/с сақталады.

Ұлытау облысының шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні - 18 м/с. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде күн күркірейді. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде жел қарқыны - 23 м/с.

Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысының шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде - найзағай, шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жел қарқыны -15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға