Жаңалықтар

217 елді мекенді су басу қаупі төніп тұр - ТЖМ

217 елді мекенді су басу қаупі төніп тұр - ТЖМ
Фото: ТЖМ 14.03.2024 15:49 878

217 елді мекен су басу қаупі бар аймақта орналасқан. Бұл туралы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Жомарт Асқаров айтты, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Жыл басынан бері еліміздің 10 өңірін су басқан.

Шымкент қаласында 2 тұрғын үйді және Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 28 саяжай үйді су басты. Саяжайларда қыста ешкім тұрмайды және су жолағында орналасқан. Сондай-ақ, Шымкент қаласындағы, Абай, Атырау, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан облыстарындағы тұрғын үйлердің аула аумақтарын су басу фактілері тіркелді, - дейді Жомарт Асқаров.

Сөзінше, автомобиль жолдарындағы 10 учаскені су басты. Қазіргі таңда жолдарда жағдай тұрақталды. Жомарт Асқаровтың айтуынша, қазіргі таңда зардап шеккендер жоқ, барлық елді мекендерде көлік қатынасы бар.

Су басуға табиғи факторлардан басқа су бұру арналарының, арықтардың, зардап шеккен елді мекендер ішінде арық-дренаж жүйесінің болмауы немесе өткізу қабілеттілігінің төмендігі ықпал етті. ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен су басу қаупін азайту бойынша жедел шаралар қабылданды. 89 мың текше метрден астам су тартылды, уақытша бөгет ретінде 2140-тан астам қап төселді, - дейді ТЖМ өкілі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға