Жаңалықтар

21 қазан – елеулі оқиғаларға толы күн

Ақмола қаласын еліміздің жаңа астанасы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды
21 қазан – елеулі оқиғаларға толы күн
Фото: wikiway.com 21.10.2022 14:51 2435

Әр күннің өзіндік мәні, тарихы бар. 21 қазанда елеулі оқиғалар орын алып, адамзаттың дамуында ерекше құбылыстардың болуымен сипатталды.

Мәселен, бұл күні Таиландта ұлттық медбикелер күні аталып өтеді. Атаулы күн Таиландта Шринагариндра ханшайымының туған күніне орай құрылған екен. Шринагариндраның туғанда қойылған есімі – Сангвал. Ол 1900 жылы 21 қазанда дүниеге келді. 1919 жылы князьге тұрмысқа шыққаннан кейін Чакри корольдік әулетінің мүшесі болды. Сангвалды жергілікті тұрғындар Ханшайым анасы деп атайды. Өйткені оның ұлдары Рама VIII және Рама IX Таиландтың екі патшасы болды.

Неліктен Ханшайымның туған күні Таиландта кәсіби медбикелер мерекесі ретінде тойланады? Мұның сыры 1913 жылы Сангвал акушерлер мен медбикелер мектебінде оқып жүрген уақытта ол небәрі 13 жаста еді. Бұл мектеп 15 жастан қабылдаса, білімпаздар талантты қыздың қасиетін бағалап, білім алуына мүмкіндік жасады. Тайландтықтар балаларын Сангвалдай қабілетті болуын ерекше қалайды. Сол себепті талапты, талантты тұлғаны дәріптеп, медбикелер күнін атап өтеді.

Бұл күні Англияда алма күні атап өтіледі. Англияда алма күні (Apple Day) 1990 жылдан бері Common Ground қайырымдылық ұйымының бастамасымен ұйымдастырылатын мереке. Мерекенің ерекшелігі, еңбек етудің маңызын насихаттап, алма өсірудің қыр-сырын тәлім етеді.

1989 жылы 21 қазанда Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 11-ші сессиясында өзбек тіліне Мемлекеттік тіл мәртебесі берілді.

Өзбекстанда тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Ұлттық мұраны, оның ішінде тілді сақтауға көп көңіл бөлінеді. «Өзбекстан Республикасының мемлекеттік тілі туралы» Заңның қабылдануы ұлттық бірегейлікті одан әрі тереңірек танудың, ана тілінің жағдайын нығайтудың маңызды факторы болды және дамуға қуатты ынталандыру берді.

21 қазанда елеулі тарихи оқиғалар орын алды. ХІХ ғасырға дейін яғни 1097 жылы 1-ші крест жорығы кезінде крестшілер Антиохияны қоршады. Дәл осы айда 1652 жылы кардиналдың жалдамалы әскерлерімен шайқаста фрондерлердің бірқатар әскери жеңілістерінен кейін Мазарини, Фронданың жетекшісі Конде ханзадаы, Парижден кетіп, Испанияның Нидерландысына қашады.

ХХ ғасырда 1945 жылы Франциядағы әйелдерге алғаш рет дауыс беруге қатысуға рұқсат етілді.

1997 жылы 21 қазанда Қазақстан Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 10 желтоқсаннан бастап Ақмола қаласын еліміздің жаңа астанасы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды.

Бүгінде елдіктің орталығына айналған Астана қаласы өзіндік бет-бедері қалыптасып, жаһандық деңгейдегі мәселелерді талқылайтын бірегей платформаға айналды. Оған соңғы айларда өткен халықаралық деңгейдегі беделді іс-шаралар дәлел болады. Мәселен, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі, АӨСШК VI саммиті және ТМД елдері басшыларының бас қосуын айтуға болады.

Суреттер: Ашық дереккөз

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға