Жаңалықтар

21 наурызға арналған ауа райы болжамы

21 наурызға арналған ауа райы болжамы
Фото: ©Pixabay.com 21.03.2024 07:22 845

Қазгидромет 21 наурызда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысы

2024 жылдың 21-26 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына және қатты жауын-шашын күтілуіне байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.
Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

Батыс Қазақстан облысы

21 наурызда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Орал қ.: 21 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысы

21 наурызда Павлодар облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.

Павлодар қ.: 21 наурызда түнде тұман күтіледі.

Ақмола облысы

21 наурызда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Астана

Астана қ.: 21 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

21 наурызда түнде Шығыс Қазақстан облысында солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың оңтүстігінде 15-18 м/с.

Өскемен қ.: 21 наурызда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Қарағанды облысы

21 наурызда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қ.: 21 наурызда солтүстік-шығыстан соғатын жел күтіледі, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысы

21 наурызда күндіз Қарағанды облысында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с

Жетісу облысы

21 наурызда Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысы

21 наурызда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысы

21 наурызда Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с.

Қызылорда қ.: 21 наурызда жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Аймақтар: Батыс Қазақстан облысы

2024 жылдың 21-24 наурыз аралығында Батыс Қазақстан облысында температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еру, еріген қар ағындысының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысы

2024 жылғы 23-26 наурыз аралығында күндізгі ауа температурасының жоғарлауына байланысты Солтүстік Қазақстан облысында қарқынды қар еруі және еріген қар ағынының қалыптасуы күтіледі, бұл ретте су басуы мүмкін.

Маңғыстау облысы

21 наурызда түнде Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысы

21 наурызда Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Абай облысы

21 наурызда түнде Абай облысында шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға