Жаңалықтар

2045 жылы бiздi не күтiп тұр?

2045 жылы бiздi не күтiп тұр?
Фото: ©El.kz/Марина РУЗМАТОВА/ChatGPT 20.11.2023 11:00 2714

Ғылымның қарыштап дамып жатқан тұста ешбір жаңалыққа таң қалмайтын болдық. 2045 жылы әлемде жасанды интеллекттің  дәуірі жүріп, робототехнологияның күні туады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен, қандай өзгерістер болуы мүмкін?

Ғимараттарды жасанды интеллект басқарады («Сәлем, Sici құрылыс нұсқасы»)

Адамдар кабинеттегі температураны өзгерту үшін ғимараттарға өтініш айтса жеткілікті. «Тым ысып кетті, температураны +15-ке түсірсеңіз екен!». Зәулім үйлерге тек қана температураны емес, ішкі мұңын айтып, сырласып отырған адамдар көрсек те таң қалмайтын боламыз.

Ең биік ғимараттар мини-қала секілді қызмет етеді

2045 жылы бiздi не күтiп тұр?
wallpapersafari.com

Жердің құны уақыт өте шарықтауына байланысты биік ғимараттарды тұрғызу сәнге айналады. Біз көріп жүрген 10-20 қабаттық емес, биіктігі бір шақырымға жететін үйлер салынады. Олар тек жұмыс орталықтары емес, тұрғылықты үй, демалыс орындары, көңіл көтеру мекеніне айналатын болады. Иә, жер бетіндегі адам өсіміне байланысты да, жер тапшылығы байқалып, көпқабатты үйлердің саны артатына күмән келтірмейміз.

Терезелер виртуалды шынайылық экрандарымен алмастырылады

«Болашаққа кері жол» («Назад в будущее») фильмінің екінші бөлімінде Мартидің үйінің терезесі виртуалды шынайлықпен жабдықталған еді. Болжам бойынша 2045 жылға қарай ғимараттардың терезесі болмайды, оны кинодағыдай экрандар алмастыруы керек. Бұл тәсіл экономклассты үйлердің арзан әрі, тезірек тұрғызылуына кәдімгідей көмекке келмек.

Адамдар арнайы «күн» жабындарын тозаңға айналдыра алады

Бұл қазіргі күн батареяларына ұқсастау. Бірақ, нанобөлшектерден әзірленген ерекше материалдарды әртүрлі сыртқы тозаңға айналдыруға болады. Олардан энергияны тезірек алу мүмкіндігі туындайды. Табиғи энергия көздері сәнге айналады және оларды қолдану тым қарапайым болмақ.

Ақылды жарықтандыру сізбен бірге жүреді

Жарық сізді пәтеріңізге «алып» барады. Сол сияқты жарықтың түсу көрсеткішін өзіңіздің ыңғайыңызға қарай реттеуге болады. Бүгінде осындай технологиялардың кейбірі қолданыста жүр. Мәселен, Ario – кәдімгі күннің жарығына ұқсайтын шам. Оның мақсаты, қолданушылардың денсаулығын жақсарту. Күн көзін көрмей, ғимараттың ішінде жұмыс жасаушылар үшін таптырмас шам секілді.

Құрылысшылардың денсаулығына зиян келмес үшін экзосклеттер пайдаланылады

2045 жылы бiздi не күтiп тұр?
Әлеуметтік желіден

Енді, темір адамның костюмін тек Роберт Дауни ғана емес, басқа да құрылысшылар киюге мүмкіндік алады. Осындай экзоскелеттердің арқасында қарапайым адам бұрын қолынан келмеген көптеген қиын істерді тындырмақ (бірнеше тонналық ауыр жүктерді өзі жалғыз көтеріп кете береді, тым ыстық болған жерлерде жұмыс жасай алады). Ең бастысы, өміріне қауіп төнетін жағдайларда жарақат алу ықтималдылығы төмендей түседі. Экзосклеттерді тезірек дайындаса екен...

Қауіпті объектілерде роботтар жұмыс жасайды

2045 жылға қарай көптеген жобаларда адамдармен қатар, роботтар да бірге жұмыс жасамақ. Сол секілді олар адам өміріне қауіпті жерлерде, жарылып не опырылып кетуі мүмкін орындарда қызмет етеді. Ол роботтарды жасауға миллиондаған қаржы кетеді деп отырған боларсыз. Ақша адам өмірінен артық емесі белгілі. Роботтардың дәуірі басталмақ. 

2050 жылы вакуумды пойыздар қолданысқа енеді

Илон Масктың 2013 жылы ұсынған транспорты әзірге тәжірибеден өткізіліп жатыр. Ол көп ұзамай жолаушыларды сағатына 800 шақырым жерге дейін апарып тастайтын болады. Ендігі, тәуліктеп жол жүру деген болмайды. Бірақ, ол транспорттың Қазақстанға қашан келіп жетері белгісіз ғой...

Ұшатын автокөліктерге куә боламыз

2045 жылы бiздi не күтiп тұр?
Видеодан кадр

Тек куә болып қана қоймай, жекеменшігімізге айналдырамыз. Ұшатын машиналардың прототипі 2014 жылы көпшілікке таныстырылған еді. Олар нақты қай уақытта пайдаланылуға берілетінін айту қиын. Бірақ, аспанда қалықтайтын қасиетке ие темір тұлпарлардың пайда болғаны туралы сенімді түрде айтуға болады. Ендігі, жердегі кептелістерден емес, көктегі кептелістерден қашатын боламыз. 

Супербиік ғимараттар космодромдарға қызмет етеді

2045 жылға қарай көміртектердің негізінде супермықты материалдардан тұрғызылған ғимараттар дүниеге келеді. Олардың биіктігі 30-40 шақырымға дейін жетеді деп болжануда. Бұл гигантты көк тіреген үйлерде космодромдардың құрылысы жүргізіледі дейді. Әрине, мұндай зәулім ғимараттар ертегі секілді болғанымен, инновациялық материалдардың арқасында жақын уақыттары көзімізбен көретінімізге шүбә жоқ. Бір оқпен екі қоян ату. Биік ғимараттар және космодром. 

Ұшақтар жылдамдығын арттыру үшін терезесінен айырылады

Мыңдаған шақырымдарға көзді ашып-жұмғанша жеткізе қоятын ұшақтардың жылдамдығына көңілі толмайтындар жетерлік екен. Олар бұл транспорттың жылдамдығын арттыруды мақсат тұтып отыр. Жақын 30 жылдықта ғалымдар ұшақтың терезелері алынып, тез ұшырудың қамына кірісетін болады. Ал терезе орынына қосымша шынайылық көмекке келмек.

Дыбыстан да жылдам ұшатын аппараттар іске қосылады

Дыбыстан да жылдам ұшатын ұшақтар 2040 жылға қарай қолданысқа енуі ғажап емес. Бірақ, оның бағасын өте аухатты жандардың ғана қалтасы көтереді. АҚШ-тың патентті ведомствосы аэробустың жобасын іс жүзінде қабылдап қойды. Ол Лондон мен Нью-Йорктың арасын бір-ақ сағатқа жалғамақ.

Ілгерідегі болжамдарға қарағанда, 2045 жылы әлем мүлде басқаша болатын секілді ме, қалай?

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға