2039 жылдан кейін туған ұрпақтың қалай аталатыны анықталды
2039 жылдан кейін дүниеге келетін адамдардың буынына «гамма» ұрпағы деген атау берілуі ықтимал. Бұл туралы Ресей Жоғары экономика мектебінің Жоғары білім әлеуметтануы орталығының директоры Иван Груздев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазіргі кезде ең жас буын – «бета» ұрпағы. Оның алғашқы өкілдері – 2025 жылы туған балалар. Сарапшылардың пікірінше, келесі буынның шекарасы 2039 жылмен шектелуі мүмкін.
Жаңа ұрпаққа атау беру кезінде грек әліпбиінің әріптері қолданылып келеді – біз бұған дейін «альфа» мен «бета» туралы естідік. Сондықтан келесі буынның «гамма» деп аталуы әбден ықтимал, – деді Груздев.
Зерттеушілердің жіктеуіне сәйкес, «альфа» ұрпағына шамамен 2010-2024 жылдары туған балалар жатады. Олар «ақылды» технологиялардың, әлеуметтік желілер мен стриминг сервистердің қарқынды дамыған дәуірінде өсіп келеді.
Ал «бета» буынының балалары үшін технологиялық орта одан да жетілген болмақ: автоматтандыру мен жасанды интеллект күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Сарапшылардың айтуынша, бұл ұрпақ пилотсыз көліктерді және кеңейтілген шынайылық құрылғыларын күнделікті пайдаланатын алғашқы буын болуы мүмкін.

