Жаңалықтар

2035 жылы Жапонияда құлтемірлер дәуірі басталуы мүмкін

2035 жыл құлтемірлер дәуірі болады
03.02.2016 11:23 7217

2035 жылы Жапонияда қызмет орындарының тең жарты пайызын құлтемірлер жаулап алуы мүмкін.

2035 жылы Жапонияда құлтемірлер дәуірі басталуы мүмкін

Жапониялық ірі консалтинтік Nomura Research Institute (NRI) IT-компаниясы жасаған сараптама негізінде алдағы 20 жылда күншығыс елінде адамзат жасайтын жұмыс түрлерінің 50 пайызын роботтар атқаруы мүмкін деген болжам айтады.

2035 жылы Жапонияда құлтемірлер дәуірі басталуы мүмкін

Оксфорд университетінің профессоры Майкл Осборн мен NRI зерттеу институтытының бір топ маманы сондай-ақ АҚШ және Ұлыбритания зерттеушілері 600-ден астам түрлі мамандықтарға сараптамалық зерттеу жүргізген.

«Біз бүгінгі таңда адамзаттың қолымен жасалатын қызмет түрлерінің 49 пайызын еркін түрде компьютерлік жүйеге енгізуге болатынын анықтадық», – дейді Вакао есімді зерттеуші.

2035 жылы Жапонияда құлтемірлер дәуірі басталуы мүмкін 

Мәселен, Henna Hotel қонақ үйінің робот-клеркі адамның орнына атқаратын міндеттерін мінсіз орындайды.

Мамандар креативті қызметтің талабына сәйкес қай мамандықты автоматтандыруға ыңғайлы екенін зерттеді. Олар әр мамандықтың ерекшелігін сараптай келе, тұтынушының сұранысын қанағаттандыру мақсатында тамақ өнеркәсібі, жеткізіп беру және ауылшарушалығы өнімдеріне қатысты жұмыстарды компьютерлеуге ыңғайлы болатынын анықтады.

 2035 жылы Жапонияда құлтемірлер дәуірі басталуы мүмкін

Ал, болжам бойынша білім беру саласы, әдеби шығармашылық сондай-ақ медицина саласын толықтай автоматты түрге ауыстыруға болады. Осы аталған сала мамандары үшін болашақта олардың міндетін құлтемірлер атқаруы мүмкін деп алаңдағаны жөн.

Осыдан біраз уақыт бұрын Жапония «Куратас» атты секундына 100 зарядтық жылдамдықпен оқ атып, қираған ғимаратқа кіріп, өрт сөндіре алатын 4 метрлік робот жасап шығарғаны туралы ақпарат құралдары жазған болатын. The Guardian ақпаратына сәйкес, 4,5 тонна болатын алып құлтемір жаңа «РобоКоп» атауын иеленуі мүмкін. Робот кузовта отыратын жүргізушімен және 3G желісіне қосылған смартфонның көмегімен бақыланады. Алып құлтемір Токиодағы «Ғажайыптар фестивалінде» көрсетілген еді. Машина дизельді жанармайдың көмегімен жұмыс істейді, алайда болашақта қуат көзінің экологиялық таза түрін жасау жоспарланған. Робот әскери және бейбіт режимге қарай өзгерістер енгізуге бейім екендігі жазылған еді. Мұндай құлтемірдің өмірге келуі мамандар жасаған болжамды тағы бір мәрте дәлелдей түспек. 

   2035 жылы Жапонияда құлтемірлер дәуірі басталуы мүмкін

Қалай болғанда да консалтинтік Nomura Research Institute IT-компаниясы жасаған сараптама қорытындысы АҚШ зерттеушілері көрсеткен пайыздан артық болды. АҚШ мамандары болашақта адамдар жасайтын қызметтің 47 пайызын роботтар алмастырады десе, Ұлыбритания зерттеушілерінің сараптамасы 35 пайыз деген көрсеткішті анықтаған екен.

2035 жылы Жапонияда құлтемірлер дәуірі басталуы мүмкін 

«Бұл сараптамаға өте қатты мән берудің қажеті жоқ. Бұл тек гипотетикалық есеп. Мұнда әлеуметтік аспектілер ескерілмеген» – дейді зерттеуші Вакао.

Ал, статистика бойынша Жапон халқы компьютерлік және робот техникалық революцияға өте салмақты қарап, керісінше бұл тез қартайып бара жатқан халықты экономикалық қыспақтан құтқарып, тіпті кейбір мамандарды қызықсыз қызметтен босатып, креативті іспен шұғылдануына мүмкіндік туғызады деген пікірде.


Әзірлеген Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға