Жаңалықтар

2030 жылы қысқы Олимпиада ойындары қайда өтетіні белгілі болды

2030 жылы қысқы Олимпиада ойындары қайда өтетіні белгілі болды
Фото: pixabay.com 24.07.2024 15:10 453

2030 жылы XXVI қысқы Олимпиада ойындары қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Халықаралық Олимпиада комитетінің сессиясындағы дауыс беру қорытындысы бойынша 2030 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Франциядағы Альпі тауларында өтетін болды.

Осылайша Франция төртінші рет қысқы Олимпиада ойындарын қабылдамақ. Бұған дейін 1924 жылы Шамони, 1968 жылы Гренобль және 1992 жылы Альбервиль сияқты Франция қалаларында болған.

Еске салайық, 2026 жылы 6-22 ақпан аралығында ақ Олимпиада Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға