2030 жылға дейін жаңартылған энергия нысандары арқылы өндірілеnін энергия мөлшері артады
25.06.2025 19:01
Фото:
t.me/ortcom_kz
Энергетика министрлігі жаңартылған энергия көздерін дамыту жұмысын жалғастыруда. Елімізде 156 жаңартылатын энергия объектісі жұмыс істеп тұр. Бұл туралы ОКҚ алаңында энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов хабарлады, деп жазады El.kz интернет порталы.
Оның айтуынша, 2024 жылы жаңартылған энергия көздері объектілерінің жалпы электр энергиясын өндіру көлемі 7,5 млрд кВт·сағ болды. Бұл жалпы барлық өндірілген жаңартылған энергия көздерінің 6,4%. Өткен жылға қарағанда бұл көрсеткіш 12-13%-ға ұлғайды.
Былтыр 8 жоба іске қосылса, биыл жалпы қуаты 455 МВт құрайтын 9 жоба жүзеге асырылады. 2030 жылға дейін жаңартылған энергия нысандарының жалпы энергия өндіру мөлшерін 15%-ға жеткізу көзделген, - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

