2030 жылға дейін тыңайтқыш өндірісі 4 млн тоннаға ұлғаяды – Нағаспаев
05.05.2025 11:34
Фото:
Pixabay.com
Агрохимия саласы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ерекше маңызды. Бұл туралы Үкімет отырысында сөз сөйлеген өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осыған байланысты 2030 жылға дейін отандық егіншілерді тыңайтқыштардың негізгі түрлерімен – азот, фосфор және калиймен толық қамтамасыз ету көзделіп отыр, – деді министр.
Оның айтуынша, қайта жаңарту жұмыстары мен жаңа жобаларды іске асыру арқылы тыңайтқыштардың жалпы өндіріс көлемі 2030 жылға қарай 4 миллион тоннаға дейін ұлғаймақ.
Сонымен қатар біз тыңайтқыштардың жаңа түрлерін – карбамид пен калий хлоридін өндіруді жоспарлап отырмыз, – деді Ерсайын Нағаспаев.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

