macrumors.com

2027 жылы iPhone бұрын-соңды болмаған өзгеріске ұшырайды

Жақын арада Apple жаңа iPhone 17 желісін көпшілікке таныстырады, ол айтарлықтай жаңартылған дизайнмен шығады. Бірақ Bloomberg журналисі Марк Гурманның айтуынша, бұл бастамасы ғана. Ал 2027 жылы iPhone мүлде жаңа деңгейге шығып, танымастай өзгермек, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

2025 жылы iPhone-нан не күтеміз?

Apple үш кезеңнен тұратын стратегия ұстанып отыр. Осы жылы алғаш рет ультражұқа iPhone 17 Air жарыққа шығады. Оның дизайны ерекше болғанымен, бірқатар шектеу бар:

  • артқы жағында тек бір ғана камера болады;
  • автономдылығы басқа модельдерге қарағанда әлдеқайда төмен.

Дегенмен дәл осы құрылғы Apple-дің болашақтағы «жұқа смартфондар дәуіріне» жол ашпақ.

2026 жылғы басты өзгерістер

Келесі жылы Apple өзінің алғашқы қатталмалы iPhone-ын таныстырмақ. Бұл серия тарихындағы ең ірі жаңалық болмақ. Смартфон «кітапша» пішінде жасалып, пайдаланушыға екі экран қолжетімде болады:

  • сыртқысы – 5,5 дюйм;
  • ішкі қатталмалысы – 7,8 дюйм.

Алайда бұл құрылғыда да бірқатар шектеу бар:

  • Face ID болмайды, оның орнына саусақ ізі сканері Touch ID қолданылады;
  • артқы камера саны үшеудің орнына екеу ғана болады;
  • бірақ селфи-камера саны екіге артады – әр экранға бір-бірден.

Қалыңдығы бойынша:

жабық күйде – 9-9,5 мм;

ашық күйде – небәрі 4,5-4,8 мм, яғни iPhone 17 Air-дан да жұқа.

2027 жылғы өзгеріс

2027 жылы iPhone бұрын-соңды болмаған өзгеріске ұшырайды

macrumors.com

Apple ең ауқымды өзгерістерді 2027 жылы, iPhone сериясының мерейтойына арнап отыр. Бірақ әңгіме қатталмалы модельдер жайлы емес.

2027 жылы алғаш рет төрт жағынан толық иілген экраны бар, алдыңғы бөлігінде мүлде жақтауы жоқ және ойықсыз iPhone жарыққа шығады. Смартфон біртұтас шыныдан жасалғандай әсер қалдырады.

2027 жылы iPhone бұрын-соңды болмаған өзгеріске ұшырайды

macrumors.com