Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі 2026 жылға арналған діни күнтізбені жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мүфтият мәліметінше, келер жылы қасиетті Ораза айы 19 ақпаннан басталып, 19 наурызға дейін жалғасады. Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге сәйкес келеді. Ал Ораза айт мерекесі 20 наурызда атап өтіледі.
Құрбан айт мерекесі 2026 жылы 27-29 мамыр аралығында өтпек.
Діни басқарма өкілдері хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының деректеріне сүйене отырып есептелгенін атап өтті. Сонымен қатар, жаңа айдың көріну уақытына байланысты кейбір мерекелердің нақты күні бір күнге ілгері не кейін жылжуы мүмкін екенін ескертеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

