Netflix

2026 жылы Netflix-те жарық көретін ең үздік 10 дорама

2026 жыл да стриминг платформалар үшін ауқымды жобаларға толы болмақ. Көрерменді триллерлер, тарихи драмалар және танымал жұлдыздардың камбэгі күтіп тұр. Бұл туралы Kanobu.ru-ге сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлады.

Netflix платформасы кореялық жобалар желісін кеңейтуді жалғастыруда. 2026 жылы көрерменге жоғары деңгейдегі премьералар және тосын жанрлық эксперименттер ұсынылады. Осы орайда біз көпшілік асыға күткен жылдың үздік он дорамасын назарларыңызға ұсынамыз.

Оқи отырыңыз:

Триллерлер мен детективтер

«Сараның өнері» (The Art of Sarah)

Netflix

Премьерасы: 13 ақпан

Кәсіпкер әйелдің жұмбақ қазасы бірқатар дүниенің әшкере болуына түрткі болады. Жобада көрермен Шин Хе-сон мен Ли Чжун-хёктің қайта қауышуына куә болады.

«Жол» (The Road)

Netflix

Премьерасы: жыл соңында

Корея мен Жапониядағы сериялық кісі өлтіру оқиғалары туралы қылмыстық триллер. Оқиға желісінің өзегінде екі детектив пен халықаралық тергеу жатыр.

«Тұзақ» (Mousetrap)

Netflix

Премьерасы: жылдың екінші жартысында

Жазушы «Егеуқұйрық» лақап атымен танылған адамның кесірінен барынан айырылады да, өз тұлғасын ұрлаған қылмыскерді іздеуге кіріседі.

Экшен

«Қабаған иттер» (Bloodhounds (2-маусым)

Netflix

Премьерасы: жылдың бірінші жартысында

Боксшы достар жайлы хикаяның жалғасы. Жаңа маусымда актер Rain антиқаһарман рөлін сомдайды.

«Ғажайып ессіздер» (The WONDERfools)

Netflix

1990-жылдардың соңындағы шағын қалада өмір сүретін суперқаһармандар тобы туралы фантастикалық фильм.

Мелодрамалар

Can This Love Be Translated? («Бұл махаббатты аударуға бола ма?»)

Netflix

Аудармашы мен актрисаның махаббат хикаясы. Мұнда сезім тілдік кедергілерден де күрделі болып шығады.

«Жүрегіме қуат бер» (Take Charge of My Heart)

Netflix

Жасанды жүрек салынған кәсіпкер мен оған күш-қуат беретін қыз туралы романтикалық фантастика.

«Шоу-бизнес» (Tantara)

Netflix

1960-1980 жылдардағы корей шоу-бизнесінің тасадағы өмірін баяндайтын, тарихи ауқымы кең драма.

Тарихи жобалар

«Шығыс сарай» (The East Palace)

Netflix

Тылсым оқиғалар жиілеген сарай туралы фэнтези.

«Дау-дамай» (The Scandal)

Netflix

«Қауіпті байланыстар» желісі негізінде түсірілген, оқиғасы Чосон әулеті дәуіріне бейімделген тарихи драма.

2026 жылдан не күтеміз?

Жаңа жыл стриминг үшін мазмұнға бай болмақ: атақты актерлердің қайта оралуы, ірі көлемді қойылымдар және көп сериялы жобалар көрермен назарына ұсынылады. Соңғысы Netflix үшін сирек кездесетін жайт. Корей фильмдері мен дорамалары қарқын ала түсті, ал 2026 жылы платформа жанрлық әртараптандыруға және бірінші деңгейлі жұлдыздарға басымдық бермек.

Қысқасы, дорама жанкүйерлерін сан түрлі, сапалы әрі әсерлі премьералар күтіп тұр.

Бұған дейін 2025 жылы ғылыми-фантастика жанрында түсірілген ең үздік 10 фильмді назарларыңызға ұсынғанбыз. Сонымен қатар 2026 жылы экранға шығатын басты фильмдер туралы да айттық.