Жаңалықтар

2026 жылы Италияда өтетін Ақ Олимпиаданың бойтұмары таңдалды

Ақ және қоңыр ақкіс қысқы ойындардың бойтұмарына айналады
2026 жылы Италияда өтетін Ақ Олимпиаданың бойтұмары таңдалды
Фото: olympics.com 09.03.2023 01:29 1361

2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін Олимпиада ойындарының бойтұмары ретінде ақ және қоңыр ақкіс таңдалды, деп хабарлайды El.kz Inside the Games сайтына сілтеме жасап.

Оларды италиялық Катандзаро провинциясындағы мектеп оқушылары салған. Ақкістің біреуі ақ тон, екіншісі – қоңыр тон киген. Бойтұмар халықтың дауыс беруі арқылы таңдалды. Ақкістерге қатысушылардың 53 пайызы дауыс берген.

Бойтұмар байқауына елдің 81 провинциясындағы 82 мектеп пен 681 сыныптан 1600 өтініш қатысқан. Италиялық студенттерге қиялдары мен шығармашылық дарындарын пайдалана отырып, Олимпиада және Паралимпиада ойындарына сәйкес келетін екі кейіпкердің дизайнын жасау ұсынылған.

Еске салайық, 2026 жылы 6 және 22 ақпан аралығында Милан және Кортина-д'Ампеццо қалаларында Олимпиада ойындары өтеді. Ал Паралимпиада ойындары сол жылдың 6-15 наурызына жоспарланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға