коллаж El.kz

2026 жылы экранға шығатын басты фильмдер

29.12.2025 11:00

Киносүйер қауым үшін 2026 жыл ерекше сәттерге толы болмақ. Алдағы жылы үлкен экранға танымал кейіпкерлер қайта оралып, көптен күткен фильмдер көрерменді қуантады. Халықаралық кино күніне орай 2026 жылы прокатқа шығатын басты фильмдерге шолу жасауды жөн көрдік.

«Өрмекші-адам: Жаңа күн»

Әлемдік премьера күні: 31 шілде

Фото: әлеуметтік желіден алынды

Питер Паркер бұл жолы қылмыскерлермен ғана емес, өз ішкі қорқынышымен де бетпе-бет келеді. Ол Нью-Йорк көшелерінде қарапайым адамдармен қайта қауышып, өмірін жаңа қырынан құруға талпынады. Фильм адамгершілік, жауапкершілік пен кешірім секілді терең тақырыптарды қозғайды.

«Джуманджи 4» 

Әлемдік премьера күні: 11 желтоқсан

Фото: әлеуметтік желіден алынды

Ойын қайта басталды! Бұл жолы оның ережелері түбегейлі өзгеріп, шынайы әлемге ойын жануарлары басып кіреді. Ал кейіпкерлер осы хаосты тоқтату үшін күш біріктіреді. Фильм күлкіге, шытырман оқиғаға және жұмбақ сәттерге толы болып, барлық жастағы көрерменге лайықталған.

2026 жыл кино әлемі үшін жарқын әрі ауқымды премьералар жылы болатыны анық. Әрбір туынды көрерменді күтпеген оқиғалармен ғана емес, терең эмоция мен мазмұнға толы әсерімен баурайды. Сүйікті кейіпкерлер қайта оралып, жаңа әлемдер ашылады. Ал киносүйер қауым үшін бұл жыл нағыз ғажайыпқа айналмақ.

«Қатаң ханым 2»

Әлемдік премьера күні: 1 мамыр

Фото: әлеуметтік желіден алынды

Миранда Пристли қайтадан сахнаға оралады! Бұл жолы ол «Подиум» журналының беделін сақтап қалу үшін бұрынғы көмекшісі Эмилимен серіктес болуға мәжбүр. Екі мықты әйел арасындағы бәсекелестік, өткір әзіл мен сән әлеміндегі астыртын интригалар фильмнің негізгі өзегіне айналады. Танымал актрисалардың жаңа дуэлі сән мен өмір арасындағы күрделі әрі нәзік шекараны қайтадан ашып көрсетеді.

 «Дюна: 3-бөлім»

Әлемдік премьера күні: 25 желтоқсан

Фото: әлеуметтік желіден алынды

Пол Атрейдес енді император. Алайда таққа отыру оңай соқпайды. Оған қарсы бағытталған қастандықтар, саяси айла-шарғылар мен шөл империясының құпия сырлары жаңа сынақтарға жетелейді. Фильм үлкен шайқастарға, терең философиялық толғаныстарға және таңғажайып визуалды эффектілерге толы болады деп күтілуде.

«Өмір-өлім ойыны: Қайта туу»

Әлемдік премьера күні: 20 қараша

Фото: әлеуметтік желіден алынды

Бұл жолы оқиға Кэтнис Эвердиннен әлдеқайда бұрынғы кезеңді қамтиды. Жас Хеймич Эбернати өз тағдыры үшін күресіп, болашақ кейіпкерлерге жол ашады. Бұл бөлім «Өмір-өлім ойыны» әлемін одан әрі кеңейтіп, адамның аман қалу үшін қандай шекке дейін бара алатынын тағы бір мәрте айқын көрсетеді.

«Өлмейтін адам»

Әлемдік премьера күні: 6 наурыз

Фото: әлеуметтік желіден алынды

«Peaky Blinders» сериалының жалғасы іспетті бұл туындыда Томас Шелбидің тағдыры қайтадан басты назарда болады. Бұл жолы ол саяси ойындардың, қылмыстық қақтығыстардың және өткен күнәлардың шырмауында қалады. Фильм драмалық тартысқа, терең эмоциялық толғаныстарға және тарихи детальдарға толып, фильм жанкүйерлеріне көптен күткен әсерлі финалды ұсынады.

«Мандалориялық және Грогу»

Әлемдік премьера күні: 22 мамыр

Фото: әлеуметтік желіден алынды

Star Wars әлемінің сүйікті жұбы экранға қайта оралады. Дин Жарин мен оның кішкентай шәкірті Грогу жаңа миссияға аттанып, сынақтарға толы галактикалық саяхатқа шығады. Фильм көрерменге жүректі елжірететін сәттерді, шайқастарды және ауқымды драмалық бетбұрыстарды ұсынады деп күтілуде.

«Сиқыршылар мұрасы»

Әлемдік премьера күні: 18 қыркүйек

Фото: әлеуметтік желіден алынды

Сиқыршы апалы-сіңлілер қайта оралады. Жылдар өтсе де, олар жаңа ұрпаққа махаббат пен сиқырдың мәнін ұғындырады. Озық технологиямен үндескен бұл сиқырлы хикая көрерменді балалық шақ естеліктеріне жетелеп, жылы әрі романтикалық көңіл күй сыйлайды.

«Гренландия: көші-қон»

Әлемдік премьера күні: 6 қаңтар

Фото: әлеуметтік желіден алынды

Жерге тағы да қауіп төнеді. Глобальды апаттар күшейген тұста Геррити отбасы жаңа баспана іздеп, белгісіз жолға аттанады. Бұл сапарда олар тек аман қалу үшін ғана емес, бір-біріне деген сенім мен адалдықты сақтап қалу үшін де күреседі. Фильм адам бойындағы өмірге деген ішкі күш пен үміттің маңызын тереңінен баяндайды.

«Кек алушылар: Қиямет күні»

Әлемдік премьера күні: 18 желтоқсан

Фото: әлеуметтік желіден алынды

Marvel әлемінде жаңа дәуірдің есігі ашылады. Жаңа кейіпкерлер мен көрерменге таныс қаһармандар қайта бас қосып, бүкіл адамзатты апаттан құтқару жолында жанқиярлыққа барады. Фильм ауқымды шайқастарға, тебірентер сәттерге және мақтанышқа толы болмақ. Бұл Marvel тарихындағы ең ірі кроссоверлердің біріне айналуы әбден мүмкін.