Жаңалықтар

2026 жылы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда өтеді

2026 жылы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда өтеді
Фото: worldnomadgames.kz 07.08.2024 14:37 462

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2026 жылы Қырғызстанда өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР спорт және туризм министрі Ермек Маржықпаев пен Қырғызстанның спорт департаментінің басшысы Айбек Абдымомуновтың кездесуі барысында айтылды.

Кездесу қорытындысы бойынша мәлімдеме жасаған Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орынбасары Чынгыз Эсенгулуулуның айтуынша, келесі Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда өтетіні келісілген. 

Айта кетейік, биыл V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қазақстанның астанасында 8-14 қыркүйек аралығында өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға