2026 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 4 325 теңге болып белгіленді. Соған сәйкес Қазақстанда көлікті бастапқы тіркеуге дейін төленетін утилизациялық алымның мөлшері де өсті.
Базалық мөлшерлеме 50 АЕК деңгейінде қалып отыр, алайда оның ақшалай көрінісі 196 600 теңгеден 216 250 теңгеге дейін ұлғайды. Төленетін нақты сома көлік түрі мен техникалық сипаттамаларына байланысты есептеледі.
Жеңіл автокөліктер (M1), соның ішінде жол талғамайтын көліктер (G)
Гибрид емес, толық электрлі көліктер утиль алымынан босатылады.
Қозғалтқыш көлеміне қарай:
- 1 000 см³-ге дейін: 324 375 теңге (коэффициент 1,5)
- 1 001-2 000 см³: 756 875 теңге (3,5)
- 2 001-3 000 см³: 081 250 теңге (5,0)
- 3 001 см³-ден жоғары: 2 486 875 теңге (11,5)
Жүк көліктері (жолсыз жүретін көліктерді қоса алғанда)
Толық массасына байланысты:
- 2,5 тоннаға дейін: 756 875 теңге
- 2,5-3,5 тонна: 1 621 875 теңге
- 3,5-5 тонна: 1 621 875 теңге
- 5-8 тонна: 1 730 000 теңге
- 8-12 тонна: 2 054 375 теңге
- 12-20 тонна: 2 270 625 теңге
- 20-50 тонна ершікті тартқыштардан басқа: 4 433 125 теңге
- 12-50 тонна аралығындағы ершікті тартқыштар: 2 378 750 теңге
Автобустар мен микроавтобустар
Гибрид емес электрлі автобустар утиль алымын төлемейді.
Қозғалтқыш көлеміне қарай:
- 2 500 см³-ге дейін: 865 000 теңге
- 2 500–5 000 см³: 730 000 теңге
- 5 000–10 000 см³: 2 270 625 теңге
- 10 001 см³-ден жоғары: 2 919 375 теңге
Утиль алымды қалай төлеуге болады?
Төлемді Recycle.kz сайтында электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жасауға болады.
ЕАЭО-ға кірмейтін елдерден әкелінген көліктер үшін қажет құжаттар:
- ішкі тұтынуға арналған кедендік декларацияның көшірмесі;
- Қазақстан шекарасынан өткенін растайтын бақылау талоны;
- көлік қауіпсіздігін растайтын куәлік немесе типті мақұлдау құжаты.
Егер утиль алымды есептеу үшін деректер жеткіліксіз болса, операторлар қосымша мына құжаттарды сұратуы мүмкін:
- VIN-нөмірі көрсетілген жүкқұжат немесе CMR
- шот-фактура немесе инвойс.
ЕАЭО елдерінен (Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан) әкелінген көліктер үшін:
- көлік құралының тіркеу құжаты
- қауіпсіздік сертификаты немесе типті мақұлдау
- экспорттаушы мен импорттаушы арасындағы қабылдау-тапсыру актісі
- VIN-нөмірі бар жүкқұжат немесе CMR.
Көліктің Қазақстан аумағына кірген күнін растау үшін шекаралық бақылау талоны талап етілуі мүмкін. Егер талон болмаса, өтінім берілген күн импорт күні болып есептеледі.
Ескерген жөн
Өтінім толтыру кезінде аса мұқият болу қажет. Құжаттардағы әрбір белгі, үтір мен нүкте дұрыс көрсетілуі тиіс. Сканерленген файлдар анық әрі оқылатын болуы шарт.
«Жасыл даму» операторы өтінімдерді бір жұмыс күні ішінде қарайды. Демалыс күндері құжаттар қабылданады, бірақ өңделмейді. Қате анықталған жағдайда өтінімді қайта тапсырып, процесті қайта күтуге тура келеді.
Шот-фактура алынғаннан кейін утиль алымды екінші деңгейлі банктер арқылы төлеуге болады. Импорттаушылардың тәжірибесіне сүйенсек, бұл әдіс ең жылдам әрі сенімді саналады.

