2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының билеттер бағасы белгілі болды
АҚШ, Мексика және Канадада өтетін 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының билеттер құны жарияланды. Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) төрт санаттағы билеттер бағасын бекітті. Бұл туралы The Athletic басылымына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Финалдық ойынға:
1-санаттағы билет – 6 370 доллар,
2-санат – 4 210 доллар,
3-санат – 2 790 доллар,
4-санат – 2 030 доллар.
Топтық кезең матчтарына ең арзан билет 60 доллардан басталады. Бірақ бұл баға турнир қожайындары – АҚШ, Мексика және Канада құрамаларының қатысуымен өтетін ойындарға жүрмейді. Мәселен, АҚШ құрамасының алғашқы матчының билеті 560-тан 2 735 долларға дейін сатылады.
Сонымен қатар:
Ширек финал билеттері – 275-тен 1 690 долларға дейін,
Жартылай финал – 420-дан 2 780 долларға дейін,
Үшінші орын үшін матч – 165-тен 1 000 долларға дейін.
2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді. Турнирге 48 команда қатысады. Финал Нью-Джерси штатындағы Ист-Ратерфорд қаласында орналасқан стадионда өтеді.

