2026 жылғы ақ Олимпиада: 17 ақпандағы жарыс кестесі
Спортшылар ақ Олимпиададағы жолын жалғастырады. Бүгін Софья Самоделькина мен Надежда Морозова мұзайдынына шығады.
Сонымен, 17 ақпанда Шыңғыс Рақпаров шаңғы қоссайысынан сынға түседі. Үлкен тұғырда өтетін жарыс 14:00-де басталады. Бұған дейін Рақпаров қалыпты тұғырдан секіру нәтижесі бойынша 35-орынға тұрақтаған.
Астана уақытымен 14:45-те акробат Аяна Жолдас фристайл-акробатикадан іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді.
Ал ерлер арасындағы фристайл-акробатикадан іріктеу кезеңі 17:30-да жалғасады. Бұл бәсекеде Асан Асылхан, Дінмұхаммед Райымқұлов, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов алаңға шығады.
19:43-те конькимен жүгіруден әйелдер құрамасы командалық із қуу жарысына қатысады. Кристина Силаева, Надежда Морозова, Арина Ильященко үштігі тағы бір рет шамасын байқап көреді.
Айта кетерлігі, Надежда Морозова 5000 метр қашықтықта үздік ондыққа кірген-ді. Бұған дейін ол 3000 метрде – алтыншы, ал 1000 метрде 14-орын алған.
Күннің басты сайысы әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан сайыс кешкі сағат 22:45-те басталады. Мұнда Софья Самоделькинаның қысқы бағдарламасын тамашалаймыз.
Ел намысын қорғайтын әр спортшыға сәттілік тілейміз!

