©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney

2026 жылдан бастап ЖОО-ларды жасанды интеллект бағалайды

2026 жылдан бастап жоғары оқу орындарының сапалық көрсеткіштерін жасанды интеллект бағалайды. Times Higher Education (THE) ұйымының тұрақты даму рейтингтеріне деректер ұсыну жөніндегі менеджері Клара Спустрк Бакуде өтіп жатқан Еуразия университеттері саммитінің екінші күнінде осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Oxu.Az-ға сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.  

Сарапшының айтуынша, автоматтандырылған бағалау үдерісі ірі тілдік модельдер (LLM) технологиясының көмегімен жүзеге асырылмақ. Алайда жүйе толықтай жасанды интеллектке ғана сүйенбейді – талдау жасай алмайтын немесе қолжетімді емес деректер арнайы белгіленіп, әрі қарай мамандардың қарауына жолданады.

Бұрынғы кезеңдерде кейбір университеттер дәлел ретінде тек сілтеме немесе бірнеше өтпелі беті бар веб-парақ ұсынып келген. Енді мұндай материалдар қабылданбайды, өйткені олар көрсеткіштерді растайтын қосымша мәлімет бермейді, – деді ол.