Жаңалықтар

2026 жылдан бастап елдегі мұнай өндірісі 100 млн тоннаға артпақ

2026 жылдан бастап елдегі мұнай өндірісі 100 млн тоннаға артпақ
Фото: t.me/KZgovernment 25.11.2024 12:11 89

Қазақстан 2026 жылдан бастап жылына 100 млн тонна мұнай өндірмек. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Мәжілістегі Үкімет сағатында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, 2026 жылдан бастап ірі жолбаларды жүзеге асыру есебінен жылдық мұнай өндіру көлемі 100 млн тоннадан асатын көрінеді. Ал Теңізшевройл мұнай өндіруді жылына12 млн тоннаға арттыруды қамтамасыз етенін Келешек кеңейту жобасын жүзеге асырып жатыр.

Сондай-ақ, Алмасадам Сәтқалиев Қарашығанақтағы 5 компрессордағы жұмыстар аяқталып, шикі газды қайта айдау үшін 6 компрессорды іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бұл мұнай өндірісін жылына 11-12 млн тонна деңгейінде сақталуын қамтамасыз етеді. Кен орнында қуаттылығы 4 млрд метр куб газды өңдейтін зауытты салу жобасы жүзеге асырылуда. Ол 2028 жылдың соңына қарай аяқталмақ.

 Қашағанда 2026 жылдан бастап мұнай өндіруді 1 млн тоннаға арттыруға бағытталған қуаты жылына 1 млрд метр куб газ өңдеу зауытын салу жұмысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, 2029 жылы қуаты жылына 2,5 млрд метр куб газ өңдеу зауытын салу арқылы мұнай өндіруді 2 млн тоннаға арттыруды қамтамасыз етуді күтудеміз, – деді Энергетика министрі.

Бұл ірі жобалардағы мұнай өндіру елдегі жалпы мұнай өндірудің 70%-ын құрайды. Оған шамамен 17 млрд доллар инвестиция салынбақ. Министрдің сөзінше, 2030 жылға қарай мұнай өндіргуе ірі кен орындарына салынатын инвестициялар 21 млрд доллар болатын көрінеді.  

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға