коллаж El.kz

2026 жылдан бастап балаларға қатысты ұйымдар алдын ала ескертусіз тексеріледі

Қазақстанда келесі жылдың 1 ақпанынан бастап жаңа мемлекеттік бақылау тетігі іске қосылады. Бұл тетік балалардың білім алуына, тәрбиесіне және денсаулығына байланысты қызмет көрсететін, республикалық бюджеттен қаржыланатын мекемелерді жоспардан тыс, күтпеген тексеруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жаңа тәртіп қызмет көрсетілмей тұрып та, көрсетіліп жатқан уақытта да қолданылатын болады. Бұл күдікті жағдайлар мен ереже бұзушылықтар туралы ақпаратқа жедел әрекет етуге жол ашады және балаларға арналған іс-шаралар мен қызметтердің қауіпсіздігін арттыруды көздейді.

Мұндай қадағалау “Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы” заң негізінде жүргізіледі. Заңда балаларға ұсынылатын қызметтердің сапасына талаптарды күшейту және ерекше бақылау режимін белгілеу қарастырылған.