Жаңалықтар

2025 жылы жұмысын адал атқарып жүргендерді жақсы жаңалық күтіп тұр – Самат Нұртаза

2025 жылы жұмысын адал атқарып жүргендерді жақсы жаңалық күтіп тұр – Самат Нұртаза
Фото: t.me/mazhilis_kz 02.09.2024 16:34 636

Қазақстан халқына Жолдауда президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жыл жұмысшылар жылы деп жариялады. Осыған орай Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза пікір білдіріп, бұл бастаманы қос қолдап қолдайтынын айтты, деп хабарайды El.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Самат Нұртаза 2025 жылды жұмысшылар жылы деп жариялаудың себебі көп деп отыр.

Біріншіден, батыс өңірінде болған топан суда құтқарушылар, дәрігерлер, тағы басқа мамандар өздерін жақсы қырынан көрсетті. Президенттің алғысын алды. Сол себептен келесі жылы көптеген мамандық иелері лайықты түрде марапатталады деп ойлаймын. Екіншіден, қоғамда қарапайым жұмысшының беделін арттыру қажеттігі бар. Бизнесмен, коуч емес, құтқарушы, дәрігер мен мұғалімдер де беделге ие болу керек. Мұны президенттің атынан месседж деп білемін. Өз ісін, жұмысын адал атқарып жүрген адамдардың еңсесі көтеріліп қалады деп ойлап отырмын,-деді ол.

Мәжіліс депутаты жұмысшылардың жалақылары көтеріліп, жақсы сыйақы берілуі тиіс деген сенімде. Тұрмыстық жағдайын дұрыстау қажеттігін де алға тартты.

Демеушілер табылып немесе мемлекет пәтер сыйлап қалар, кім білсін? Биліктің қалай шешетінін білмеймін. Десе де елеусіз қалмайды деген ойдамын, -деп қорытындылады Самат Нұртаза.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға