Жаңалықтар

2025 жылы ЖІӨ өсімі 5,6%-ды құрайды

2025 жылы ЖІӨ өсімі 5,6%-ды құрайды
Фото: t.me/KZgovernment 27.08.2024 10:17 1218

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Әлеуметтік-экономикалық дамудың 2025-2027 жылдарға арналған болжамы, сондай-ақ «ҚР Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-министрдің орынбасары — ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров баяндама жасады.

Ұлттық экономика министрі бұл болжам әлемдік экономиканың өсуі және сыртқы тауар нарықтарындағы конъюнктура бойынша халықаралық ұйымдардың болжамдарын ескере отырып қалыптастырылғанын атап өтті. Мәселен, ХВҚ болжамына сәйкес, әлемдік экономика 2025 жылы 3,3%-ға өседі. Мұнайдың 2025 жылға арналған әлемдік бағасы бойынша консенсус болжамы барреліне $78-ды құрайды.

Сыртқы параметрлердің өзгеруіне байланысты үш даму сценарийі қарастырылады: базалық, оптимистік және пессимистік. Базалық сценарийде мұнайдың орташа бағасы барреліне $75 деңгейінде ұсынылады. 2025 жылы ЖІӨ-нің нақты өсімі болжам бойынша 5,6%-ды, ЖІӨ-нің 5 жылдағы орташа жылдық өсімі 5,4%-ды құрайды. Номиналды ЖІӨ 2025 жылы 150,8 трлн теңгеден 234,2 трлн теңгеге немесе 2029 жылы $498,4 млрд дейін өседі, бұл Мемлекет басшысының экономика көлемін екі есеге арттыру жөніндегі тапсырмасының орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл ретте экономиканың барлық салаларында өсім күтілуде, — деді Н. Байбазаров.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға