Жаңалықтар

2025 жылға қарай еліміздегі студенттер саны 800 мыңға жетеді

2025 жылға қарай еліміздегі студенттер саны 800 мыңға жетеді
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 24.08.2023 16:02 1031

Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда елімізде 119 жоғары оқу орны бар, онда 626 мың студент білім алып жатыр.

Алдын ала болжам бойынша, елімізде 2025 жылға қарай студенттер саны 800 мыңға дейін жетеді. Бұл жоғары оқу орындарында аудитория қоры мен жатақханалардағы орынның тапшылығын арттыруы мүмкін. 2026 жылға қарай аудитория қорындағы тапшылық 100 мың орынды құрауы мүмкін. Бүгінде 19 мың орын жетіспейді, - деді министр.

Сондай-ақ министр алдағы күндері Алматыға іссапармен барып, жоғары оқу орындары мен жатақханалардың жаңа оқу маусымына дайындығын тексеретінін атап өтті.

Еске сала кетсек, елордада Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Адами капиталдың дамуы – Ел экономикасы өсуінің негізі» тақырыбында форум өтіп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға