Жаңалықтар

2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақысы 2 есеге дейін өседі

2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақысы 2 есеге дейін өседі
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 24.08.2023 16:37 1125

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары, Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Бұл туралы министр елордада өтіп жатқан Жоғары білім және ғылым министрлігінің форумындағы баяндамасында айтты.

Студенттердің шәкіртақысы 2025 жылға дейін екі есеге өседі. Яғни 26 мың теңгеден 52 мың теңгеге дейін. Соңғы 3 жылдың өзінде университетте оқитын студенттің оқу ақысы 420 мың теңгеден миллион теңгеге дейін өсті. Бұл шамамен 2,5 есе», - деді министр

Дүйсенова алдағы уақытта шәкіртақыны төлеу автоматтандырылатынын айтты.

Шәкіртақыны уақытында төлеу барысы Қаржы орталығы арқылы орталықтандырылған. Бұл процестің барлығы цифрландырылады. Ол университет пен министрліктің ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылады», - деп айтты Үкімет мүшесі форумда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға