2025 жылдың бірінші жартыжылдығында бюджет кірісі жоспардан асып түсті
Мөлдір Қайнар тілші
Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы кірістердің орындалу қорытындыларын ұсынды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оның айтуынша, мемлекеттік бюджеттің кірісі шамамен 11 трлн теңгені немесе жоспарға 106,4% құрады.Республикалық бюджет 31 млрд теңгеден аса артығымен орындалып, 100,5% атқарылды. Бұл импортқа салынатын қосылған құн салығы, шикі мұнайға экспорттық кедендік баж және корпоративтік табыс салығы түсімдерінің есебінен қамтамасыз етілді. Жергілікті бюджеттер де сенімді өсім көрсетті: кірістер 117% немесе 656,6 млрд теңгеге атқарылды. Жоспардың артығымен орындалуы жеке табыс салығы, корпоративтік табыс салығы және әлеуметтік салық есебінен қалыптасты.
Өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда кірістердің өсу қарқыны мемлекеттік бюджет бойынша 118,8%, оның ішінде республикалық бюджет бойынша 122% және жергілікті бюджет бойынша 114,3% құрады. Сонымен қатар, салықтық, кедендік әкімшілендірудің арқасында 492 млрд. теңге қосымша түсімдер қамтамасыз етілді.
Жыл басынан бері қосылған құн салығын қайтару көлемі, өткен жылдың деңгейінен 12% артық орындалып, 768 млрд теңгені құрады.
Бұл жай ғана цифрлардың өсуі емес – бұл экономикаға өтімділіктің нақты ағыны, экспорттаушыларды, өндірушілерді және аграрийлерді қолдау болып саналады. Мұндай серпінге, қосымша құн салығын қайтарудың жеңілдетілуімен және экспорттаушылардың өтінімдерін басымдық бере отырып қараумен қол жеткізілді. 2025 жылы өтемақылардың жалпы көлемі, шамамен 2 трлн теңге деңгейінде болжануда, – деді Мәди Тәкиев.Мәди Тәкиев 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы шығыстардың орындалу қорытындыларын ұсынды.
Министр атап өткендей, мемлекеттік бюджет шығыстары 92%-ға, республикалық бюджет шығыстары 91,5%-ға, жергілікті бюджет шығыстары 96,3%-ға орындалды.
- әлеуметтік блокқа – 4,3 трлн теңге;
- өңірлерді қолдауға – 3,6 трлн теңге;
- нақты секторға – 800 млрд теңге бөлінді.
- зейнетақы мен жәрдемақы – 3,2 трлн. теңге;
- өңірлерге субвенциялар – 2,9 трлн. теңге;
- міндетті медициналық сақтандыру қорына бағытталған нысаналы жарна сомасы – 794 млрд. теңгені құрады.
Қаржы министрі мемлекеттік борыштың өзекті жай-күйі және оны басқару жөніндегі шаралар туралы баяндады.
Оның деректері бойынша, 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік қарыз 31,9 трлн теңгені немесе ЖІӨ-ге 21,1%-ды құрап, жыл басынан бері 40 млрд теңгеге ұлғайды. Негізгі өсу факторы – республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру және бұдан бұрын тартылған қарыздарды игеру болып табылады. Бұл ретте, жалпы ішкі өнімнің өсімі қарқынының арқасында, мемлекеттік борыштың жалпы ішкі өнімге қатынасы төмендеуі жалғасуда:
- 2020 жылғы 29,2%-дан
- 2024 жылы 23,5%-ға дейін.
Осылайша, сыртқы нарықта квазимемлекеттік сектор субъектілері/нің болашақта қарыз алуы үшін кірістілік бағдары айқындалды.
Автомобиль өткізу пункттері жыл соңына дейін 100% жаңғыртылады – Қазақстандағы үдерістерді жеңілдетеді және шекарадағы бақылауды күшейтеді.
Қаржы министрі Мәди Тәкиев баяндағандай, инфрақұрылымды жаңарту тұрақты логистика мен кедергісіз сыртқы сауда ағынын қамтамасыз етудің негізгі элементі болып саналады. Бүгінгі таңда, Қапланбек, Атамекен, Көлжат және Алакөл сияқты төрт пункт пайдалануға берілді.
Жылдың соңына дейін қалған 5 пункт «Қазығұрт», «Тәжен», «Темір баба», «Майқапшағай» және «Бақты» кезең-кезеңімен іске қосылатын болады. Осылайша, жаңғырту еліміздің сыртқы шекарасындағы тиісті пунктерді 100% қамтиды. Бүгінгі таңда, өткізу қабілеті орта есеппен 25%, оның ішінде Қытаймен шекарада – 37%-ға ұлғайды. Пунктердегі өту уақыты 9 сағаттан 3 сағатқа дейін қысқарды, — деп атап өтті Қаржы министрі.Ол CargoRuqsat электронды кезек іске қосылып, 55 мың жүргізуші мен 145 мың көлік құралы тіркелгенін атап өтті. Жаңғырту аяқталғаннан кейін, барлық өткізу пункттері бизнес пен азаматтардың жылдам, қауіпсіз және ашық өтуін қамтамасыз ететін, сыртқы шекараны басқарудың бірыңғай цифрлық жүйесіне қосылатын болады.
Министрдің айтуынша, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор нысандарын бәсекелестік ортаға беру жұмыстары жалғасуда. Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары 638 нысанды қамтыды. Бүгінгі таңда 396 нысан немесе 73% бәсекелес ортаға беріліп, түсімдер 922 млрд теңгені құрады. Қазіргі таңда:
- 153 нысан – сатылым алдындағы дайындықта;
- 20 нысан – сатылымда;
- 69 нысан - тарату үстінде.
Сонымен қатар Ұлттық жекешелендіру офисімен бірлесе отырып, Кешенді жоспарға қосу үшін 475 нысан әзірленді.

