Коллаж El.kz

2025 жыл: Қазақстан қандай саяси бағыт ұстанды және қандай ірі жобалар іске асты?

2025 жыл Қазақстан үшін маңызды саяси және экономикалық трансформация жылы болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен елдің саясаты цифрлық трансформацияға, экономиканы әртараптандыруға және әлеуметтік әл-ауқатты арттыруға бағытталды.

Бұл жылда «Қазақстан-2050» стратегиясының орта мерзімді кезеңі аяқталып, 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының негізгі мақсаттары іске асырылды.

Президенттің 2025 жылғы Жолдауы негізінде цифрлық кодекс қабылданып, жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды, мемлекеттік басқару жүйесі өзгерді.

Экономика саласында

Экономика саласында инвестиция тарту жүйесі жаңартылды, банк заңы қабылданды, цифрлық теңге енгізілді. 2025 жылы Қазақстанда жүзеге асырылған инвестициялық жобалар көп саланы қамтыды.

Бірақ ең маңызды жобалар көлік құралдарын шығару, тұрмыстық техника өндірісі және металлургия салаларында іске асты. Бұл жобалар тек ішкі нарықтағы қажеттіліктерді қамтамасыз етіп қана қоймай, еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға да әсер етті.

akorda

2025 жылы 1,6 трлн теңгеге 190 өнеркәсіптік жоба іске асырылды. Нәтижесінде шамамен 25 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылып, Қазақстан экономикасының әртараптануы мен экспорттық әлеуеті артты.

Ауыл шаруашылығында жерлердің заңсыз бөлінуін тоқтату және электрондық конкурстар енгізу сияқты реформалар жүзеге асты.

Құрылыс кодексі қабылданып, BIM технологиялары енгізілді. Саяси реформалар аясында парламенттің бір палаталы жүйесіне өту талқыланды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік Ұлттық қауіпсіздік комитетіне біріктірілді.

Халықаралық саясатта

Халықаралық саясатта Қазақстан белсенді рөл атқарды. C5+1 саммитінде АҚШ-пен критикалық минералдар, инфрақұрылым және AI бойынша келісімдер жасалды.

Қытай-Орталық Азия саммитінде Астана декларациясы және мәңгілік достық туралы шарт бекітілді. БҰҰ Бас ассамблеясында Қазақстан қауіпсіздік кеңесін реформалауды ұсынды. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі Астанада өтіп, әлемдік бейбітшілік декларациясы қабылданды.

Сондай-ақ Қазақстан БҰҰ-ның 2026 жылды еріктілердің халықаралық жылы деп жариялауына мұрындық болды және Алматыда тұрақты даму мақсаттары бойынша БҰҰ өңірлік орталығын ашты.

Ең ірі негізгі жобалар

  • Сараңдағы шина өндіру зауыты (импортқа тәуелділікті төмендетті). Шина зауыты іске қосылғаннан бері Саранда 300 мың автомобиль дөңгелегі шығарылды.
  • Алматыда Astana Motors Manufacturing Kazakhstan автокөлік шығаратын мультибрендті зауыты қыркүйекте ашылды. Зауыт жылына 120 мың көлік шығаруға қауқарлы.
  • Қостанайда Kia зауыты іске қосылды (жобаны жүзеге асыру үшін 90 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылып, 1,5 мың тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланды)
  • Қарағандыдағы теледидар және кір жуғыш машина өндіру зауыты (жылына 1,1 миллионнан аса тұрмыстық техника шығарады).
  • Астанада вагон зауыты іске қосылды.
  • Суперкомпьютер іске қосылды, антифрод орталығы және биометриялық жүйе енгізілді.
    инфографика El.kz

Ауыл шаруашылығында 2 млрд доллар инвестициямен ірі жобалар жүзеге асты, 3 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, агрохолдингтер цифрландырылды, 1 триллион теңге бөлінді.

Инфрақұрылымда 13 мың шақырым автожол салынды, «Достық – Мойынты» темір жолының екінші желісі іске қосылды.

Алдағы уақытқа жоспар

2027 жылға қарай бір палаталы парламент реформасы, референдум өтеді. 2026-2028 жылдарға арналған макроэкономикалық бағдарламада жыл сайын кемінде 5% экономикалық өсу күтіледі.

2027-2028 жылдары ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі қаралады. 2026-2028 жылдары халықтың нақты табысының өсуі жылына орта есеппен 2-3%-дан төмен емес болады.

Жылына 100-ден астам өңдеу және ауыл шаруашылығы жобалары іске қосылады, Baiterek холдингіне 1 триллион теңге бөлінеді. Шетелдік инвестиция (AIFC) арқылы тартылады.

Ел кз 

Басым салалар: металлургия, машина жасау, энергия, инфрақұрылым, туризм, азық-түлік өндірісі, химия, мұнай-химия, агрохимия, құрылыс материалдары. 17 ірі бастама металлургия, машина жасау, мұнай-химия және агроөнеркәсіпте іске асырылады.

Ауыл шаруашылығында ішкі нарықты етпен қамтамасыз ету, экспорт күшейтіледі, жер мониторингі AI арқылы жаңартылады, аграрлық ғылым хабы қайта құрылады. Инфрақұрылымда транзит 1 млрд тоннадан асады.