Жаңалықтар

2024 жылы Рамазан айы қашан басталады

2024 жылы Рамазан айы қашан басталады
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 11.01.2024 14:14 2594

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2024 жылғы діни күндер мен мерекелер кестесін бекітті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылы Рамазан айы 11 наурызда басталады. Ал қасиетті Қадір түні 5-нен 6 сәуірге қараған түнге дәл келіп тұр.

Мұсылман қауым үшін қадірлі оразаның аяқталғанын білдіретін ұлық мейрам Ораза айт 10 сәуірде болады.

Ал, үш күн тойланатын Құрбан айт 17 маусымға сәйкес келіп тұр. 

2024 жылы Рамазан айы қашан басталады

Мүбарак Мәуліт айы қыркүйекте басталмақ.

 Еске салайық, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты ауысуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға