2024 жылы мерекелер күнтізбесі: қай күндері демаламыз
2024 жылға мемлекеттік және ұлттық, кәсіби мерекелер күнтізбесі жарияланды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік және ұлттық мерекелерге орай азаматтар келесі күндері демалады:
1-2 қаңтар – Жаңа жыл;
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;
21-23 наурыз – Наурыз мейрамы. 23 наурыз сенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс 25 наурыз – дүйсенбіге ауыстырылады (азаматтар 21 наурыздан 25 наурызға дейін демалады). Ал 26 наурыз жұмыс күні.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні;
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні;
9 мамыр – Жеңіс күні;
6 шілде – Астана күні, бірақ мереке сенбіге түскендіктен, демалыс күні дүйсенбі – 8 шілдеге ауыстырылады (6, 7, 8 шілде демалыс күндері);
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні;
25 Қазан – Республика күні;
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.
Қазақстандағы кәсіби және өзге де мерекелер:
Кәсіби мерекелердің тізбесі жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 17.11.2023 жылғы №480 бұйрығымен, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.
10 қаңтар – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының күні;
1 ақпан – Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация қызметкерлері күні;
2 ақпан – Ұлттық баспасөз күні;
15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығару күні;
1 наурыз – Алғыс айту күні;
9 наурыз (наурыздың екінші сенбісі) – жерге орналастыру, геодезия және картография күні;
7 сәуір (сәуірдің бірінші жексенбісі) – Геологтар күні;
12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күні;
21 сәуір – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күні;
17 мамыр – Байланыс қызметкерлері күні;
21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні;
26 мамыр (мамырдың соңғы жексенбісі) – Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні;
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні;
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні;
5 маусым – Экологтар күні;
7 маусым – Монополияға қарсы орган қызметшілерінің күні;
9 маусым – Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшісі, қызметкерінің күні;
9 маусым (маусымның екінші жексенбісі) – Жеңіс өнер қызметі күні;
9 маусым (маусымның екінші жексенбісі) – Малшылар күні;
16 маусым (маусымның үшіншісі жексенбісі) – Медицина қызметінің күні;
23 маусым – Полиция күні;
23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні;
24 маусым – Судьялар мен сот қызметкерлері күні;
28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні;
2 шілде – Дипломатиялық қызмет күні;
7 шілде (шілденің бірінші жексенбісі) – Ұлттық домбыра күні;
9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлері күні;
13 шілде – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні;
14 шілде – Нотариат күні;
14 шілде (шілденің екінші жексенбісі) – Балық шаруашылығы қызметкерлері күні;
21 шілде (шілденің үшінші жексенбісі) – Металлург күні;
28 шілде (шілденің төртінші жексенбісі) – Сауда қызметкерлері күні;
4 тамыз (тамыздың бірінші жексенбісі) – Көлік қызметкерлері күні;
10 тамыз – Абай күні;
11 тамыз (тамыздың екінші жексенбісі) – Құрылысшылар күні;
18 тамыз – Шекарашылар күні;
25 тамыз (тамыздың соңғы жексенбісі) – Шахтерлер күні;
29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні;
1 қыркүйек (қыркүйектің бірінші жексенбісі) – Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні;
5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні;
8 қыркүйек (қыркүйектің екінші жексенбісі) – ҚР-дағы Отбасы күні;
15 қыркүйек (қыркүйектің үшінші жексенбісі) – ҚР аналар күні;
28 қыркүйек – атом саласы қызметкерлерінің күні;
29 қыркүйек (қыркүйектің соңғы жексенбісі) – Еңбек күні;
30 қыркүйек – Әділет органдары қызметкерлерінің күні;
29 қыркүйек (қыркүйектің соңғы жексенбісі) – Машина жасау күні;
1 қазан – Қарттар күні. Радио күні;
5 қазан – Мұғалімдер күні;
6 қазан – Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні;
10 қазан – Қазақстанның Кәсіптік одақтар күні;
16 қазан – Нан күні;
19 қазан – Құтқарушылар күні;
20 қазан (қазан айының үшінші жексенбісі) – Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні;
24 қазан – Кітапханашылар күні;
27 қазан (қазанның соңғы жексенбісі) – Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні;
29 қазан – Күзет ұйымдары қызметкерлерінің күні;
5 қараша – Сыртқы барлау күні;
8 қараша – Статистика күні;
10 қараша – Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні;
15 қараша – Ұлттық валюта-теңге күні, ҚР Қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі;
16 қараша (қарашаның үшінші сенбісі) – Бұрғылау күні;
17 қараша (қарашаның үшінші жексенбісі) – Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні;
5 желтоқсан – Адвокатура күні;
6 желтоқсан – Прокуратура күні;
15 желтоқсан (желтоқсанның үшінші жексенбісі) – Энергетика күні;
20 желтоқсан – ҚР Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет күні;
22 желтоқсан – Мұрағатшылар күні.