Жаңалықтар

2024 жылы мектептер 100% электрондық оқулықпен қамтылады

2024 жылы мектептер 100% электрондық оқулықпен қамтылады
Фото: okg.kz 07.03.2023 22:00 1010

Мемлекет басшысының оқу процесін цифрландыру аясында кешенді әрі жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу, қажет оқу материалдарын цифрлық форматқа көшіру тапсырмасына сәйкес педагогтерге цифрлық оқу материалдарын тиімді пайдалануды, инновациялық тәсілдерді қолдануды үйрету, цифрлық оқу материалдарын кеңейту, мектепішілік және Ұлттық сыртқы бағалауды цифрлық форматқа көшіру, сондай-ақ мектептерді техникалық құралдармен және жоғары жылдамдықты интернетпен қамту міндеттері іске асырылып келеді, - деді Ғани Бейсембаев.

Оқу процесін басқаруды цифрландыру мақсатында республика бойынша 7 мың мектепте электрондық журналдар мен күнделіктерді жүргізу, бағалау, үй тапсырмасын беру, жоспар қалыптастыру және қашықтан оқыту сияқты негізгі қызметтерді қамтитын білім беру платформалары енгізілген.

«Қазіргі таңда оқулықтардың 79% цифрлық форматқа көшіріліп, мемлекеттік сараптамадан өтті және оқулықтар тізіміне кірді. Сонымен қатар виртуалды зертханалар мен геймификация элементтері цифрлық контентке енгізілуде. Электрондық оқулықтар әзірлеу жұмысына еліміздегі 11-ден аса отандық баспалар ат салысты. Пәндерді электрондық оқулықтармен 100% қамту 2024 жылға жоспарланған.Педагогтер үшін электрондық оқулықтарды тиімді пайдалану әдістемелері әзірленіп, оқыту жұмыстары басталды», - деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға