2024 жылы ІІМ криминалистері 50 мыңнан астам тексеру жүргізді
14.01.2025 13:25
Фото:
polisia.kz
Өткен жылы Ішкі істер министрлігінің жедел-криминалистік бөліністері оқиға орындарында 50 мыңға жуық тексеру жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, бұл тергеу үшін «құнды» дәлелдемелер жинауға мүмкіндік берді.
41,4 мың тексеруден іздер мен басқа да заттай айғақтар алынды. Сонымен қатар 43 мыңнан астам сараптама жүргізіліп, олар қылмыстарды ашуда маңызды рөл атқарды. Криминалистикалық тіркеу нәтижесінде 10,5 мың оң нәтиже анықталып, бұл тергеудің жеделдетілуіне және қылмыскерлердің әшкереленуіне септігін тигізді, - делінген мәліметте.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

