2024 жылы елімізге Қытайдан 655 мың турист келген
07.02.2025 03:17
Фото:
Туризм және спорт министрлігі
2024 жылы Қытайдан келген туристер легі 655 мың адамды құрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаевтың айтуынша, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 78%-ға көп. Ол туризм жылы аясында өңірлер, туркомпаниялар, агенттіктер мен медиа платформалар арасында 200-ден астам келісімге қол қойылғанын алға тартты.
Іс-шаралар ақпараттық алаңда да кеңінен көрініс тапты. 1,3 млрд-тан астам аудиториясы бар қытайлық ірі медиа мен әлеуметтік желілерде Қазақстан туралы хабар таратылды. Бұл еліміздің туристік бағыт ретінде танылуын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді, - деді спикер ОКҚ баспасөз конференциясында.
Ресми түрде 2025 жыл Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы болып жарияланды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

