Жаңалықтар

2024 жылы 2 әуежай реконструкциядан өтеді

2024 жылы 2 әуежай реконструкциядан өтеді
Фото: t.me/mazhilis_kz 11.09.2023 23:31 788

Бұл туралы Мәжілісте "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заң жобасын таныстырған Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жалпы 343 км жол жаңғыртылады, 1 100 км жол жөнделеді. Сондай-ақ, Астананың көлік инфрақұрылымын және елордаға іргелес жатқан елді мекендердің 80 көшесі дамытылатын болады. 2023 жылғы маусымда пайдалануға берілген БАКАД жобасы шеңберінде мемлекеттік міндеттемені төлеу жоспарланып отыр, - деді вице-министр.

Спикер келесі жылы әуе және теміржол тасымалдаушылары, сондай-ақ су көлігі саласы қолдау алатынын да жеткізді.

50 млрд теңгеге жуық қаражатқа 20 шекара бөлімшесі мен 6 өткізу пункті салынады. Бұдан бөлек 2 әуежай реконструкцияланатын болады, - деді Қаржы вице-министрі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға