2024 жылғы қазақ киносының ең үздік топтамасы қандай?
Қазақстандық киноның танымалдығы мен сапасы жылдан жылға артып келеді. Ол көрерменін актерлік шеберлігімен, өзіндік колоритімен және сюжеттік ерекшелігімен тәнті етеді. El.kz ақпараттық агенттігі 2024 жылғы қазақ киносының ең үздік туындыларының тізімін ұсынады.
2024 жылы әртүрлі жанрдағы бірнеше табысты қазақстандық фильм көрерменге жол тартты. Комедия, драма және триллер жанрында түсірілген туындылар қомақты кассалық жинақтарға қол жеткізіп, сыншылар тарапынан жоғары баға алды. Ең танымал туындылардың қатарында 1,3 млрд теңге кассалық пайда тапқан «Брат или брак 3» комедиясы, қазақстандық фильмдер арасында IMDb-де ең жоғары рейтингке ие болған «Дала қасқыры» («Степной волк») драмасы және IMDb-де 9,1 рейтингі жинаған «Қайта өрлеу аралы» триллері бар.
Қазақстандық кино ел ішінде ғана емес, шетелдік көрермендердің де назарын аударуда. Мысалы, «Ажырасу» фильмі Шанхай кинофестивалінде басты жүлделерді жеңіп алса, ал «Қайта өрлеу аралы» фильмінің режиссері Айсұлу Онаран американдық Deadline басылымына сұхбат берді.
2024 жылдың ең кассалық фильмі «Дәстүр» хорроры болды. Ол 2023 жылдың 28 желтоқсанында жарыққа шығып, 1,7 миллиардтан астам теңге жинады. Дәл сол күні шыққан «Бизнес по-казахски в Бразилии» комедиясы да 1 миллиардтан астам теңге табысқа жетті.
2024 жылғы қазақ киносының үздіктеріне тоқталып өтейік.
Ұялам, но үй алам
Басты рөлдерде: Ақболат Өтебай, Жанар Айжанова, Аяна Бауыржанова. Фильм тұсаукесері 25 қаңтарда болды. Режиссері - Әбдусаид Шайхисламұлы. Кино туынды 667,4 млн теңге кассалық табыс жинады.
Оқиға желісі:
Жалдамалы пәтерде тұрып жатқан Сырым мен Айжан өздерінің көпбалалы отбасы статусын пайдаланып, мемлекеттен жеңілдікті шарттармен пәтер алу үшін жалған ажырасуды рәсімдеуді шешеді. Сырым достары мен таныстарының ажырасу жайлы білмегенін қаласа, Айжан оның бәрінен маңыздысы өз таныстары мен достарынан артта қалмай, пәтерді тезірек алуды көздейді.
Хотя бы кинода 3
Комедия прокатта 952, 75 млн теңге қаражат жинады. Фильм тұсаукесері 30 мамырда өтті. Режиссері – Дастан Садманов.
Басты рөлдерде: Кайрат Әділгерей, Нұрбек Мұқұшев, Қанат Әлжаппар, Аманғали Сыпабеков, Нұргүл Даубаева.
Оқиға желісі:
Түрмеден шыққаннан Қайрат анасына қымбат дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтарды табу үшін жолға шығады. Ол кездейсоқ қытай кунг-фу мектебіне түсіп, жоғалған алтынды қайтаруға мәжбүр болады.
Кайратқа мафиоздық құрылымдар мен қауіпті адамдар ғана жолығып қоймайды. Күтпеген жаңа әлем — кунг-фу мектебіне кезігеді. Мұнда ол физикалық жағынан емес, ақыл-ой жағынан да дайын болуы қажет болады. Ол жекпе-жек өнерін үйреніп, жергілікті ұстаздардан өмірлік философия мен даналықты да игереді. Бұл жағдай оған жаңа мүмкіндіктер ашып, өзін дамытып, қиындықтармен күресуге мүмкіндік береді. Десе де қудалап жүрген қара күштермен де бетпе-бет келуге мәжбүр етеді.
«Брат или брак 3»
Комедия прокатта 1,3 млрд теңге жинап, 2024 жылы шыққан кинолардың ең үздігі танылды. 3-бөлімнің тұсаукесері 1 наурызда өтті. Режиссері – Ануар Матжанов.
Басты рөлдерде: Дәурен Серғазин, Құралай Анарбекова, Бауыржан Қаптағаев.
Оқиға желісі:
Гауһар мен Айдардың отбасында егіздер туылғанымен, жас әкенің көңілі көншімейді. Ол балалардың өзінікі екеніне күмәнмен қарайды.
Менің әкем – жолбарыс
Басты рөлдерде: Жанболат Найзабеков, Зарина Кәрмен, Әлихан Ыдырышева, Сезім Жанболаткызы.
Жанры: Трагикомедия.
Оқиға желісі:
Ауру салдарынан ер адам толығымен қорқыныш сезімінен айырылады. Ол осы ерекшелігін пайдаланып, жоғалтқан уақытын қайтадан толықтырмақ ниетте отбасында көптен бері құрмет көрмей жүрген әкелік беделін көтеруге шешім қабылдайды. Осылайша, қызы үшін «жолбарыс» болуға тырысады.
Тастаймын-ау сені
Қазақстандық комедиялық хоррор.
Басты рөлдерде: Дариға Бадықова, Олжас Абай, Әлихан Ыдырышева, Қуандық Шәкіржанов, Қылышбек Қасымбеков.
Оқиға желісі:
Жарас пен Алмагүл он жылдан астам уақыт бірге. Жарас үлкен компанияда жақсы қызметте жұмыс істейді. Алмагуль жұмыссыз. Бірақ жеке тұлға ретінде дамуды қалайды. Алмагүлге Жарас қаржылай қолдау ғана көрсетеді. Әйелінің көңілі толмай, ішімдікке салынып бастайды. Бір күні араққа сылқия тойып алған Алмагүл Жарасты басшысының алдында масқаралайды. Мұны көтере алмаған күйеуі ертеңіне әйелін ең мықты емшілердің біріне емделуге жібереді.
«Жездуха» комедиясы
Комедия 2020 жылы жарық көрген аттас сериалдың негізінде түсірілді.
Фильм 15 ақпанда жарыққа шығып, Қазақстан прокатының топ-10 көшбасшысының қатарына енді.
Жалпы кассалық пайда – 1,05 миллиард теңге.
Фильмнің режиссері – Ернар Нұрғалиев.
Рөлдерді сомдағандар: Қанат Тасхан, Мансар Орынхан, Мақсат Бөбей.
Оқиға желісі: Енесінің мазағына шыдамай, Қанат Оңтүстік Қазақстандағы үйін тастап, елдің солтүстігіне көшіп барады. Сол жерде кедей ауылдың өмірін өзгертеді.
Біз екеуміз
Комедия прокатта 352,9 млн теңге пайда әкелді. Режиссері – Ернар Нұрғалиев. Туынды 18 сәуірде көрермендеріне жол тартты.
Даурен Серғазиннің ерекше амплуадағы комедиясы.
Басты рөлдерде: Дәурен Серғазин, Гүлназ Жоланова, Ерболат Алқожа, Шерхан Пірназаров.
Оқиға желісі:
Театр актері ойынқұмар Дарын бәріне қарыз болып, жалғыз қалған. Бір спектакльден кейін оған Канат қарызды дереу қайтаруды талап етеді. Дарын қарыздан құтылып кеткенімен, ақшасын қайтаруға әлі де мәжбүр. Ол қарындасынан көмек сұрайды. Бірақ қарындасы көмек көрсетуден бас тартады.
«Ажырасу» / «Талақ»
«Жэньминь Жибао» атты Қытайдың бас газеті фильмнің режиссері Данияр Саламат бұл туындыны жасауға 10 жылдан астам уақыт жұмсаған деп жазды. «Ажырасу» фильмі Шанхай кинофестивалінде «Ең үздік фильм» және «Ең үздік актриса» номинациялары бойынша Golden Goblet бас жүлдесін жеңіп алды. The Hollywood Reporter басылымы комедия, фарс және трагедияны үйлестіре білген туындыны жоғары бағалағанын атап өтті.
Басты рөлдерде: Ерболат Алқожа, Әмира Омарова, Аяна Бауыржанова.
Оқиға желісі:
Фильм ажырасу алдында тұрған отбасының оқиғасын баяндайды. Оқиға 1920-жылдардың екінші жартысында дәстүрлі құндылықтардың өзгеруі, әйелдердің азат етілуі және ұжымдастыру кезеңінде өрбиді.
Жезтырнақ
Жанры: Эмоциялық фолк-хоррор-комедия.
Басты рөлдерде: Есентай Ниязбаев, Динара Мирасбек, Назгүл Қарабалина, Сырым Қашкабаев, Сағызбай Қарабалин.
Оқиға желісі:
Ертеде жезтырнақтар туралы аңыздар көп айтылатын. Олар үнемі ұзын тырнақтары бар, тылсым күш иесі және адамның қанына тойған мифтік жаратылыстар ретінде сипатталады. Қазір олардың барына ешкім сенбейді. Бірақ олар әлі де адамдар арасында өмір сүреді мыс.
Мирас — қарапайым алматылық жігіт. Оған сұлу әрі табысты Айна ғашық болады. Мирастың ата-анасы ұлының бұл таңдауын құптап, Айнаның бай отбасымен туыстық байланыс орнатуды жоспарлайды. Бірақ олар әсем сарай есігінің артында қандай құпиялар жатқанын білмейді.
Приговор/ Үкім
Триллер элементтері бар қылмастық драманың тұсаукесері 21 наурызда болды.
Прокатта 667,9 млн теңге жинады. Режиссері – Диас Бертис.
Басты рөлдерде: Рауан Ахмедов, Дамир Амангельдин, Айбар Салы.
Оқиға желісі:
2009 жыл. Ыссык-Көлдің жағасындағы шағын қала. Ақтан, мектеп оқушысы, арнайы құрылымдарға кіруді армандайды. Бірақ әділетсіздікке тап болады. Жергілікті депутат ұлы Аланды қорғау үшін бәріне әзір. Заң бойынша әділдік таба алмаған Ақтан және балалық досы Куба сот ғимаратын қарумен басып алады.
1040 километр
Басты рөлдерде: Бақытжан Әлпейісов, Темірлан Өтеғалиев, Дәурен Есенов, Наурызбек Сапаров.
Оқиға желісі:
Талғат Бастау ауылындағы реабилитациялық орталықта Әлиямен танысады. Сұлуға ғашық болғанымен, сезімдерін айтуға батылы жетпейді. Бір күні Әлия Алматыға кетеді. Артынан Алматыға бару үшін Шәріп атты күзетшіні көндіреді. Әрқайсысының бұл сапарға өз себептері бар.