©El.kz/Арман МҰХАТОВ

2024 жылдың діни күндері бекітілді

27.02.2024 10:21

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2024 жылғы діни күндер кестесін бекітті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Шариғат және пәтуа бөлімі бекіткен күнтізбеге сәйкес, биыл Рамазан айы 11 наурызда басталады.

Қадір түні 5 сәуірден 6 сәуірге қараған түнге түсіп тұр.

Ораза айт – 10 сәуір.

Биыл құрбан айттың бірінші күні 17 маусымға келеді.

Мүфтият діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертті.