2024-2026 жылдары 9 облыста жаңадан 20 су қоймасы салынбақ
Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
01.01.2024 04:26
1289
Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстанның су-ресурстық әлеуетін сақтау, су ресурстарын басқарудағы қоғамның рөлін арттыру және цифрландыру мәселелерін ескере отырып жаңа Су кодексін әзірледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР СУ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДЫҢ 2024-2030 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ЖАСАЛДЫ
- суармалы ауыл шаруашылығы жерлерінің ауданын 2,2 млн гектарға дейін ұлғайтуға,
- су үнемдеу технологияларының жалпы үлесін 40%-ға жеткізуге,
- тасымалдау кезінде суармалы судың шығынын 15% - ға дейін азайтуға мүмкіндік береді
ҚР СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ 2024-2030 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫН ӘЗІРЛЕДІ
- еліміздің су ресурстарының көлемін 3,7 текше километрге арттыруға,
- суармалы судың шығынын азайтуға және оның көлемін 3 текше километрге арттыруға,
- 55 мыңнан астам халқы бар 41 елдімекенді сумен қамтамасыз етуге,
- Қазақстанның көрші елдердің су ресурстарына тәуелділігін 25%-ға азайтуға мүмкіндік береді
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОСПАР
- 2024-2026 жылдары 9 облыста жаңадан 20 су қоймасын салу,
- 15 су қоймасын және 3500 шақырым су арнасын реконструкциялау,
- 3,5 мың шақырым суару желісін цифрландыру жоспарланып отыр
САЛАҒА БІЛІКТІ КАДРЛАРДЫ ТАРТУ
- 2024 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап бірқатар су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 25%-ға өседі
- Бассейндік инспекция штаты 98 адамнан 242 адамға дейін ұлғайтылды
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының қолданыстағы жіктеуішіне су шаруашылығы саласы бойынша бірқатар жаңа бағдарламалар қосу ұсынылды
- Қазақстандық студенттерді су саласы мамандықтары бойынша жақын және алыс шет елдердің жоғары оқу орындарында оқыту үшін гранттар бөлу туралы бастама көтерді
- Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтымен бірлескен бағдарламалар іске қосылды
- Су саласы қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі бағдарламалар іске қосылады
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ
- Каспий теңізінің ғылыми-зерттеу институтын құру
- Ұлттық гидрогеологиялық қызмет құру
- «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясымен бірлесіп су ресурстары бойынша интерактивті геоақпараттық платформа құру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
ТҰРҒЫНДАРДЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ
- Министрлік 868 мың тұрғыны бар 375 елдімекенді сумен қамтамасыз ету және сумен жабдықтау жүйесін жаңарту мақсатында 33 жобаны іске асыруды жалғастырды.
- Гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялау және модернизациялау бойынша 35 инвестициялық жобаны іске асыру жалғасып жатыр.
- Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында 105,1 мың га алаңда ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жөніндегі жоба іске асырылып жатыр.
- Астана қаласын тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін Қ.Сәтбаев атындағы каналдан Есіл және Нұра өзендеріне 93 млн текше метр көлемінде су жіберілді.
СУ ДИПЛОМАТИЯСЫ
- Көрші елдермен келіссөздер қорытындысы бойынша келесі жылдың 1 сәуіріне дейін Сырдария өзеніне 11,1 текше шақырым су келеді деп күтілуде.
- «Достық» мемлекетаралық каналы арқылы 487 млн текше метр су келеді деп болжанып отыр.
- Қырғызстанмен Жамбыл облысына суармалы жерлеріне су беру туралы келісімге қол жеткізілді.
- Министрлік Қытаймен 20-дан астам өзен бойынша келіссөз жүргізуде. Олардың ішінде үш ірі трансшекаралық өзен: Ертіс, Іле және Емел бар.
- Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның қатысуымен «Орталық Азия елдері арасында су-энергетикалық ынтымақтастық тетігін құру туралы» келісімнің жобасы әзірленуде.
СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУ ШЫҒЫНДАРЫН СУБСИДИЯЛАУ
- Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді су үнемдеу технологияларын енгізуге ынталандыру үшін министрлік уәкілетті органмен бірлесіп суару жүйелерін салуға және тамшылатып және жаңбырлатып суару жабдықтарын сатып алуға арналған шығындарды субсидиялауды 50% - дан 80% - ға дейін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Танымал блогер Мысыр пирамидаларын мың сағатқа жалға алды