2023 жылғы қараша айында 157,9 мың автокөлік есепке қойылды
2023 жылғы қарашада есепке 157,9 мың бірлік автокөлік құралы қойылды, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4 есе артық, оның ішінде автобустар 1,9 есе, жүк автомобильдері 1,3 есе және жеңіл автомобильдер саны 1,5 есе артты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 260,6 мың бірлікті құрады, оның ішінде 88%-ды жеңіл автомобильдер, 9,9%-ды жүк автомобильдері және 2,1%-ды автобустар.
Сонымен қатар тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санының ең үлкен үлесі (44,8%) қозғалтқыш көлемі 1500 жоғары 2000 куб. см.-ге дейін дейін жеңіл автомобильдер болып табылады, қозғалтқыш көлемі 1500 куб. см.-ге дейін дейін-18,5%, қозғалтқыш көлемі 2000 жоғары 2500 куб. см.-ге дейін -17,3%, қозғалтқыш көлемі 2500 жоғары 4000 куб. см.-ге дейін – 15,1%, 4000 куб. см.-ден жоғары -1,9%. Қозғалтқыш көлемі 1500 жоғары 2000 куб. см.-ге дейінгі жеңіл автомобильдердің ең көп саны Алматы облысында – 228,1 мың бірлік, Алматы қаласында - 208,4 мың бірлік, Астана қаласында – 208,4 мың бірлік, Қарағанды облысында-154,8 мың бірлік және Шығыс Қазақстан облысында 138,4 мың бірлік байқалады. Жүк автомобильдерінің ішінде ең көп үлесі қозғалтқыш көлемі 4000 куб. см.-ден жоғары жүк көліктеріне тиесілі (тіркелген жүк автомобильдерінің жалпы санының 71,3%).
2023 жылдың 11 ай ішінде 13207 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 18510 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда оқиғалар саны 1,5%-ға қысқарды, зардап шеккендер саны 5,1%-ға азайды.
2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша 55,2млн. теңге сомасына 98781 сақтандыру төлемдерін жүзеге асырды