Жаңалықтар

2023 жыл мәдениет саласы үшін серпінді жыл болды - Мәдениет және ақпарат министрлігі

2023 жыл мәдениет саласы үшін серпінді жыл болды - Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 26.12.2023 22:28 890

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдени мұраны насихаттау және ұлттық бірегейлікті нығайту бойынша жұмысты күшейтті, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тарих пен мәдениеттің бірегей ескерткіштерін әлемдік кеңістікке ықпалдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне 10 тарихи және мәдениет ескерткіштерін ұсынды. 2025 жылға қарай ҚР МАМ олардың санын 16-ға жеткізуді жоспарлап отыр.

Мәдениетті дамыту мақсатында өңірлерде мәдениет объектілерінің, оның ішінде ауылдық жерлердегі мәдениет үйлерінің кезең-кезеңімен құрылысы басталды, сондай-ақ мәдениет объектілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Өткен жылы 22 мәдениет нысаны салынып, 189-ы жөндеу жұмыстарынан өтті.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында еңбегі сіңген жазушыларға тұңғыш рет «Қазақстанның Халық жазушысы» құрметті атағы берілді. Биыл «Халық әртісі» құрметті атағын қайта беру бойынша 8 мәдениет қайраткері марапатталды.

Мәдениет және архив ұйымдарының 65 мың қызметкерлерінің жалақысы өсті. Үстемеақы келесі жылы да төленеді, ал 2025 жылы орташа лауазымдық жалақы шамамен 300 мың теңгені құрайды.

30 жылда алғаш рет бюджет қаражаты есебінен екі музыкалық ұйым мен үш білім беру мекемесінде музыкалық аспаптар жаңартылды. Бұл біздің музыканттарымыздың кәсіби және шығармашылық өсуі үшін жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

Қазақстан театрлары халықаралық фестивальдерге белсенді қатысып, беделді марапаттарға ие болып жүр. Мемлекеттік театрлар әр түрлі жанрлар мен бағыттардағы 10 мыңнан астам спектакльдерді сахналады. 200-ге жуық жаңа қойылым ұсынылды. Театрларға 2 миллионға жуық көрермен келді. Ел бойынша және шетелдерде 800-ден астам гастрольдік сапарлар өткізілді. Еліміздің барлық театрларының репертуарын ұлттық авторлардың шығармаларымен толықтыру жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады. Бұл отандық композиторлар мен драматургтердің шығармаларын насихаттап қана қоймай, көрермендердің рухани және адамгершілік тәрбиесін арттыруға себін тигізеді.

Отандық кинематография даму барысында қуатты серпін алып келеді. 2023 жылы мемлекеттік қолдаумен 18 фильмнің түсірілімі аяқталды. Одан бөлек, 19 жаңа киножоба іске қосылды. Мемлекеттік қаржылық қолдау алған фильмдерді дамыту және прокатқа шығару, беделді марапатттарға отандық фильмдерді қосу бойынша шараларды қамтамасыз ету бойынша қолданыстағы «Кинематография туралы» Заңға түзетулер енгізілуде.

Креативті индустрия саласында даму әлеуеті бар: мемлекеттік қолдаудың жекелеген пакетін әзірлеуге және осы саланы дамытуға бағытталған шаралар қабылдануда, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне креативті индустрияны қолдау және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы дайындалуда. Креативті индустрияны дамыту қорын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде, оның мақсаты креативті индустрия саласын дамытуға қолдау, таланттыларды іздеу және қолдау көрсету, инфрақұрылымды дамыту, өнімдерді экспорттауға жәрдемдесу және коммерцияландыру болып табылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға